Компанияның бұрынғы қызметшісі сыртқы жарнамаға арналған материалдарды цехтан ұрлап кеткен, – деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.
Түнгі уақытта 36 жастағы ер адам цехқа кіріп, сыртқы жарнамаға арналған керек-жарақ материалдарды ұрлап кеткен.
Ер адам бұрын ЖШС-де жұмыс істеген және материалдың қай жерде сақталғанын білген. Шатырдың плиткаларын бөлшектеп, ол цехқа басып кіріп, жалпы сомасы 600 мың теңгеге қажетті орамдар мен бояуларды ұрлап әкеткен. Түнгі “келушінің” қылмыстық әрекеттерін цех ғимаратында орнатылған бейнебақылау камерасы түсіріп алған.
Кейін ол ұрланған тауарды жеке тұлғаларға ұқсас бағамен сатып жіберген. Байқоңыр ауданының жедел қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шаралары барысында ұрлыққа қатысы бар астаналықты анықтады.
Қазіргі уақытта аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр. Ер адамның қала аумағында бұрын жасалған осыған ұқсас қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексеріліп жатыр. Күдікті ПД уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды..
Астана қаласының полиция департаменті шағын және орта бизнес иелеріне қырағы болуды және нысандарда ұрлықтан қорғаудың қосымша шараларын енгізуді ұсынады.