Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Суға батқан баланың өмірін сақтап қалған әйел полиция қызметкері болып шықты

Суға батқан баланың өмірін сақтап қалған әйел полиция қызметкері болып шықты
Фото: бейне скриншот

Оқиға елордалық қоғамдық бассейндердің бірінде болды. Бала өмірін құтқару сәті бейнебақылау камерасына түсіп қалған, – деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Видеодан суда ес-түссіз жатқан баланы құтқарушы қыздың шығарып жатқанын байқауға болады. Кейін оны ер адам жерге көтеріп жатқызады. Сол сәтте көмекке демалушы әйелдердің бірі келеді. Ол шебер қимылдармен жүрек-өкпе реанимациясын жасап, баланың тынысын қайтарды.

Жедел жәрдем қызметі келгеннен кейін бассейн қызметкерлері баланы дәрігерлерге тапсырды.

Қазір оның өмірі мен денсаулығына қауіп төніп тұрған жоқ. Ата-анасы баланы құтқаруға қатысқандардың барлығына алғыстарын білдірді.

Белгілі болғандай, алғашқы медициналық көмек көрсеткен әйелдің есімі Назым Шәріпова. Ол “Есіл” ауданының полиция басқармасында анықтаушы болып жұмыс істейді. Сол күні полицей әйел отбасымен бірге демалыста болған.

Ол құтқару кезінде балаға зақым келтірмеу үшін ерекше сақтықпен қимылдаған.

Назым Шәріпова қазақстандық полицейлердің жақсы дайындығын және төтенше жағдайларда жылдам әрекет ету қабілетін көрсетті.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Мультимедиа
Президент Райымбек ауданының тұрғындарын 90 жылдық мерейтойымен құттықтады
Ақсайдағы 90 жылдық теміржол вокзалы қайта жаңғыртылып, пайдалануға берілді
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді
Алматы мектептерінде аттестат тапсыру рәсімі аяқталды: оқу жылының қорытындысы шығарылды
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді