Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Қазақстан мен Ауғанстан банк секторындағы ынтымақтастықты дамытуға және инвестициялық жобаларды іске асыруға келісті

Қазақстан мен Ауғанстан банк секторындағы ынтымақтастықты дамытуға және инвестициялық жобаларды іске асыруға келісті
Фото: primeminister.kz

Астанада өтіп жатқан қазақ-ауған іскерлік форумы аясында Ауғанстан делегациясы бизнес өкілдерімен және мемлекеттік, квазимемлекеттік ұйымдармен B2B, B2G форматында кездесулер өткізді. Екіжақты келіссөздердің қорытындысы бойынша ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – сауда және интеграция министрі Серік Жұманғарин мен Ауғанстанның өнеркәсіп және сауда министрі Нуриддин Азизи ниеттер туралы хаттамаға қол қойды, деп хабарлайды kazlenta.kz.

Тараптар өзара сауда көлемін $3 млрд-қа дейін жеткізу мақсатында екі елдің бизнесіне қолайлы жағдай жасау үшін барлық күш-жігерді жұмсауға келісті. Астана мен Кабул қазақстандық мұнай өнімдері, ұн, бидай, күнбағыс майын Ауғанстан нарығына өзара тиімді шарттар негізінде жеткізуді ұлғайту жөніндегі жұмысты жалғастырады. 

Сонымен қатар екі елдің өкілдері Ауғанстан мен Қазақстан арқылы өту үшін артықшылықтары бар көлік және транзиттік тарифтер ұсыну туралы мәселені қарайды. Тараптар Қазақстан және Ауғанстан нарықтарына өнімді жеткізудің баламалы және неғұрлым тиімді бағыттарын, сондай-ақ «Батыс-Батыс» форматындағы ынтымақтастықты пысықтауға дайын екендерін білдірді.

Өзара сауданы ұлғайту үшін Астана мен Кабул Ауғанстан-Түрікменстан шекарасында сауда-логистикалық терминал құруға және екі елге де жағдай жасап, қызмет көрсету мәселесін зерделеуге ниетті. Осыған байланысты транзит және логистика мәселелері бойынша Қазақстан, Ауғанстан және Түрікменстанның қатысуымен үшжақты келіссөздер жүргізу жоспарланып отыр.

Үкімет және бизнес топтарының өкілдері елдер арасындағы жаңа көлік-транзиттік және сауда-инвестициялық келісімді әзірлеу қажеттігін білдірді. Қазақстан мен Ауғанстан банк және телекоммуникация секторларында ынтымақтастықты дамытуға, тау-кен өндіру өнеркәсібінде, ауыл және су шаруашылығында, энергетика, логистика, темір жолдар, денсаулық сақтау, білім беру және басқа да салаларда инвестициялық жобаларды іске асыру мүмкіндігін қарастыруға ниетті.

Оған қоса тараптар Герат қаласында қазақстандық тауарлар мен қызметтердің және Алматы қаласында немесе Қазақстанның басқа қалаларында ауған тауарлары мен қызметтерінің тұрақты түрде жұмыс істейтін көрме орталықтарын ашуға жәрдемдесетін болады. Сауда-экономикалық өзара іс-қимылды жеделдету үшін Бірлескен сауда палатасын, Сауда-экономикалық ынтымақтастықты дамыту және проблемалық мәселелерді шешу жөніндегі бірлескен комитет құру туралы уағдаластыққа қол жеткізілді.

Сонымен қатар тараптар сауда миссияларын ұйымдастыру және көрмелерге қатысу арқылы кәсіпкерлер арасындағы серіктестік қатынастарды кеңейтуге ықпал ететін болады. Сондай-ақ екі елдің өкілдері Қазақстан мен Ауғанстан бизнесмендеріне виза беруді жеңілдетуге келісті.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Бүгін Димаш Құдайберген 30 жасқа толды
Димаш Құдайберген Ақтөбе облысының құтқарушыларына алғысын білдірді
Мультимедиа
Шымкентте «Көк тудың желбірегені» атты патриоттар форумы өтті
Олжас Бектенов Президенттің Жаңаөзенді дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексеріп, ГӨЗ құрылысымен танысты
Мемлекет басшысы V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының ашылу салтанатына қатысты
Мемлекет басшысы ХХХІІІ жазғы Олимпиада ойындарының жүлдегерлерімен кездесті
Мемлекет басшысы «Кәусар» оқушылар сарайын аралап көрді