Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Қазақстан Ауғанстанның жаңа әкімшілігімен ынтымақтаспақ

Қазақстан Ауғанстанның жаңа әкімшілігімен ынтымақтаспақ
Фото: pixabay.com

Қазақстан үкіметінің отырысы аясында вице-премьер - Сауда және интеграция министрі Серік Жұманғарин Қазақстан Ауғанстанның жаңа әкімшілігімен және кәсіпкерлермен неліктен ынтымақтаса жұмыс істеп жатқанын айтты, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Zakon.kz-ке сілтеме жасап.

Ол Қазақстан мен Ауғанстан арасындағы тауар айналымының көлемі 1 миллиард долларға жеткенін, бұл Әзірбайжан мен Түркіменстанмен салыстырғанда көп екенін атап өтті.

"Сондықтан саясат - саясат, ал экономика - экономика. Біз бұл сауда ынтымақтастығын арттырамыз. Біздің бидай, ұн, күнбағыс майын бұдан да көп жеткізуге нақты перспективамыз бар. Неліктен біз бұл мүмкіндіктен бас тартуымыз керек? Бұл түптеп келгенде мемлекетіміз үшін пайдалы ғой".Серік Жұманғарин

Қазірдің өзінде Ауғанстанда қазақстандық сауда үйі ашылған. Жұмысты үйлестіру үшін ол жерге өкіл тағайындалған. Өйткені, Ауғанстан үлкен және алуан түрлі.

"Нарықты зерттеп, жергілікті кәсіпкерлермен танысу керек. Олар Қазақстанды, біздің мүмкіндіктерімізді көрсін деп, Ауғанстан кәсіпкерлерін осында шақырып, бизнес-форум өткізгім келеді. Өткен жолы өніммен айналысатындарды ғана емес, жер қойнауын пайдаланушыларды да ала бардық. Өйткені олар - жер қойнауын пайдалану жағынан өте бай ел. Олар қатты қызығып қалды".Серік Жұманғарин

Бұған дейін Қазақстан Ауғанстанның жаңа әкімшілігінің дипломаттарын аккредиттеуге рұқсат берген еді. Ауғанстанның жаңа әкімшілігінің Қазақстан тарапынан дипломаттарды аккредиттеу туралы өтінішіне жауап ретінде оң шешім қабылданды.

"Талибан" - Қазақстанда тыйым салынған террористік ұйым.


скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Мультимедиа
Президент Райымбек ауданының тұрғындарын 90 жылдық мерейтойымен құттықтады
Ақсайдағы 90 жылдық теміржол вокзалы қайта жаңғыртылып, пайдалануға берілді
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді
Алматы мектептерінде аттестат тапсыру рәсімі аяқталды: оқу жылының қорытындысы шығарылды
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді