Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Желі арқылы танысқан қызына 2 млн теңге аударған абайлық жігіт оңбай алданып қалған

Желі арқылы танысқан қызына 2 млн теңге аударған абайлық жігіт оңбай алданып қалған
Фото: pixabay.com

Абай облысының 22 жастағы тұрғыны әлеуметтік желі арқылы танысқан қызға 2 миллион теңге ақша аударып жіберген. Жігіт қыз байланысқа шықпай қойғанда алданғанын бір-ақ түсінген, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.

22 жастағы Абай ауданының тұрғыны мамыр мен шілде айлары аралығында әлеуметтік желі арқылы бір қызбен хат алмасып отырған. Желідегі екеуара әңгіме жарасқаны соншалық, жәбірленуші азамат қашықтан байланысқа шығып жүрген қызға 2 миллион теңге ақшаны қалай аударып қойғанын білмей қалған. Қыз байланысқа шықпай қойғанда ғана жәбірленуші алданғанын түсінген.

"15 шілдеде Абай аудандық полиция басқармасына алаяқтық бойынша арыз түскеннен кейін тәртіп сақшылары жедел әрекет барысында күдіктіні анықтады. Оның 27 жастағы Қарағанды қаласының тұрғыны екені белгілі болды. Жәбірленуші күдіктімен беттестіру барысында таң қалғаны соншалық, сөйлесіп жүрген қыз еңгезердей ер-азамат болып шықты", делінген полиция хабарламасында.

Күдікті тергеудің қорытындысы бойынша заң аясында тиісті жазасын алатын болады.

Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тәртіп сақшылары күдіктінің осыған ұқсас басқа да қылмысқа қатысы бар-жоғын тексеріп жатыр. 

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Мультимедиа
Президент Райымбек ауданының тұрғындарын 90 жылдық мерейтойымен құттықтады
Ақсайдағы 90 жылдық теміржол вокзалы қайта жаңғыртылып, пайдалануға берілді
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді
Алматы мектептерінде аттестат тапсыру рәсімі аяқталды: оқу жылының қорытындысы шығарылды
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді