Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

ІІМ құны 2,5 млн доллардан асатын есірткі партиясын тәркіледі

ІІМ құны 2,5 млн доллардан асатын есірткі партиясын тәркіледі
Фото: polisia.kz

ІІМ есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл департаменті Павлодар облысының полиция департаментімен бірлесіп, жедел-тергеу іс-шараларын жүргізу барысында Қазақстан Республикасы арқылы өткен героиннің ірі партиясы “транзитінің” жолын кесті, – деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

– Ағымдағы жылдың шілде айында Павлодар – Омбы бағытындағы автожолда арнайы мақсаттағы бөлімше жауынгерлерінің күштік қолдауымен жүк көлігін тізгіндеген 54 жастағы Қырғызстан Республикасының азаматы ұсталды. Жүк көліктің Volvo маркалы тіркемесінде Қырғызстаннан Ресейге жеткізілуі тиіс қарбызбен қоса, 59 килограмм “героин” салынған 21 полиэтиленді орама және 10 килограмм “гашиш” салынған екі орама анықталып, тәркіленді, – деді ІІМ есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл департаменті бастығының орынбасары Асқар Мұхаметқалиев.

Бұл шамамен 250 мың бір реттік доза, оның қара нарықтағы құны 2,5 миллион доллардан асады.

ҚР ҚК-нің 286-бабы 4-бөлігі бойынша сотқа дейінгі іс жүргізу басталды (Айналымнан алынған заттардың немесе айналымы шектелген заттардың контрабандасы).

Қылмысты ұйымдастырушыға мүлкі тәркіленіп, 20 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы көзделеді.

– Қазіргі уақытта осы есірткі қылмысының өзге қатысушылары мен ұйымдастырушыларын, сондай-ақ есірткі жеткізудің басқа да ықтимал арналарын анықтау бойынша жұмыс жүргізілуде, – деді Асқар Мұхаметқалиев.


скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
Мемлекет басшысы күштік құрылым қызметкерлерін марапаттады
2025 жылғы реформалар мен жаңа өзгерістер: Көлік министрлігі
Мемлекет басшысы KIS Astana халықаралық мектебін аралап көрді
Шымкентте «Көк тудың желбірегені» атты патриоттар форумы өтті
Олжас Бектенов Президенттің Жаңаөзенді дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексеріп, ГӨЗ құрылысымен танысты