Кейінгі жылы ғарыштық мониторинг нәтижесінде 2,4 млн гектар аумақтағы өрт учаскелері анықталды, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі ҚазАқпарат сайтына сілтеме жасап.
Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифнгіде Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі Аэроғарыш комитетінің төрағасы Баубек Оралмағамбетов өрттерді анықтау бойынша Қазақстанның барлық аумағына мониторинг жүргізілгенін атап өтті.
«Төтенше жағдайлар министрлігі үшін су тасқыны жағдайында және орман, дала өрттері туындаған кезде уақтылы шешім қабылдау үшін ғарыштық мониторинг жүргізілуде. Бұл тиісті мемлекеттік және аумақтық органдардың төтенше жағдай мен оның салдарын одан әрі жою үшін жедел әрекет етуге мүмкіндік береді. Нәтижесінде төтенше жағдайлардан келтірілген залал азаяды. Мониторингпен Қазақстан аумағының 272 млн гектарды қамтыды. Бұл 100%-ды құрайды. 2022 жылы ең көп өртенген аумақтар Шығыс Қазақстан облысында – 635 мың гектар, Қарағанды облысында – 492 мың гектар, Павлодар облысында – 223 мың гектар», - деп деректер келтірді Баубек Оралмағамбетов.
Сонымен қатар спикер былтыр Қазақстан бойынша 5 683 рұқсат етілмеген қоқыс объектілері анықталғанын айтты.