Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Jastar Skills 2020: Алматыда ең дәмді мамандық бойынша 2-ші мини-чемпионат өтті

Екінші Jastar Skills мини-чемпионаты 30 қазан, жұма күні Алматы қаласында өтті. Бұл жолы ол ең дәмді мамандық - аспаздыққа арналды.

Естеріңізге сала кетейік, Jastar Skills - ол Қоғамдық даму басқармасы және Білім басқармасының қолдауымен  Алматы қаласындағы Жастар саясатын дамыту мемлекеттік қорының ұйымдастырған жаңа бастамасы. Оның міндеті - жастардың назарын жону және дәнекерлеу, аспаздық және шаштараз, сонымен қатар, киім дизайны сияқты келешегі бар жұмысшы мамандықтарға аудару.

Чемпионаттың 1 кезеңі 28 қазан, сәрсенбіде өтті. Оған жас жонушылар мен дәнекерлеушілер қатысты.

 
Ал жұма күні қазылар алқасы ең шебер және еңбекқор аспаздарды таңдады. Байқауға 16 мен 29 жас аралығындағы кез-келген адам қатыса алатын, тек электронды мекенжайға өтініш жіберсе болды. Барлық қатысушыларды кіші чемпионат ұйымдастырылған Cook Well аспаздық студиясына шақырды. Әдеттегідей, іс-шара қауіпсіздік шараларын, карантин шараларын және әлеуметтік арақашықтықты сақтай отырып өтті.

Айтпақшы, санитарлық нормалар туралы. Аспаздардың басында ақ қалпақ қалай пайда болғанын білесіз бе? Алғаш рет аспаздар оны XVIII ғасырда, ағылшын королі Джордж II сарайында, бас аспазшының шашы корольдің тағамына түсіп кетпес үшін кие бастады. Бүгінгі таңда аспазды ас үйде осы дәстүрлі бас киімсіз, сондай-ақ арнайы аспаз халатынсыз елестету қиын. Әрине, форманы бірінші кезекте гигиеналық мақсатта киеді. Бірақ тазалық пен ұқыптылықтан басқа, форма аспазшылар командасының айрықша белгісі бола алады.

 
Сайысқа қайта оралайық. Конкурсқа қатысушылар үш негізгі компоненттен екінші тағам дайындауы керек еді: ет, гарнир және тұздық. Қазылар алқасы дайын тағамды 10 критерий бойынша бағалады, оның құрамына әрине сыртқы түрі мен тағамды қалай ұсынғаны, тағамдардың үйлесімділігі, пісіру уақыты, дастарқан тазалығы және тіпті ұсынылған тағамның температурасы кірді. Нариман Узуров «Үздік аспаз» номинациясының жеңімпазы болып танылды. Екінші және үшінші орындарды Левон Никогосян мен Айым Қойшыбаева иеленді. Олардың тағамдары тәбетті ашатын және ең әдемі деп танылды. Барлық жеңімпаздарға дипломдар мен бағалы сыйлықтар табысталды.

 
Келесі Jastar Skills мини-чемпионаты сейсенбі, 3 қараша күні өтеді. Оған жас шаштараздар мен киім дизайнерлері қатысады. hair-стилистер арасында қазылар алқасы шашқа колорирование жасау бойынша ең үздік шеберді таңдайды, ал дизайнерлер киімді құрылымдаудан жарысатын болады. Болашақ қатысушыларға сәттілік тілейміз және келесі сайыстың нәтижелерін асыға күтеміз!

 скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Бүгін Димаш Құдайберген 30 жасқа толды
Димаш Құдайберген Ақтөбе облысының құтқарушыларына алғысын білдірді
Мультимедиа
Шымкентте «Көк тудың желбірегені» атты патриоттар форумы өтті
Олжас Бектенов Президенттің Жаңаөзенді дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексеріп, ГӨЗ құрылысымен танысты
Мемлекет басшысы V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының ашылу салтанатына қатысты
Мемлекет басшысы ХХХІІІ жазғы Олимпиада ойындарының жүлдегерлерімен кездесті
Мемлекет басшысы «Кәусар» оқушылар сарайын аралап көрді