Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Алматыда «Jastar Skills 2020» стандарты бойынша жастарға арналған чемпионат өтеді

Jastar Skills 2020 – жұмысшы мамандықтарының мәртебесін көтеруге бағытталған жоба. Бұл мамандар жеткіліксіздігін қысқартуға, бәсекеге қабілеттілікті арттыруға және еліміздің инновациялық дамуына ықпал етеді. Басты мақсаттарының бірі – жастардың жұмыс табуына және болашақта отбасыларын қолдауына көмектесу.  


Бұл жоба – жас мамандардың кәсіби дағдылары мен құзыреттілігін көрсетудің тамаша тәсілі. Осы жылы Алматы қ. Қоғамдық даму басқармасы мен Алматы қ. Білім басқармасының қолдауымен Алматы қ. Жастар саясатын дамыту мемлекеттік қоры 5 мамандық бойынша шағын чемпионат өткізеді:


  • Жону ісі; 

  • Дәнекерлеу ісі; 

  • Аспаздық ісі; 

  • Күрделі бояу бойынша шебер; 

  • Дизайн және киімді модельдеу.   


2020 жылғы 28 қазанда 2 мамандық бойынша шағын чемпионат өтеді: Жону және Дәнекерлеу ісі.


Жону және Дәнекерлеу ісі – көпшілік біле бермейтін мамандықтар, ал егер сен жалқау болмасаң, онда жастар үшін бұл келешегі бар мамандықтар.


Жону ісі өнеркәсіптік революция таңында пайда болды. Біздің заманымызда жонушы мамандығына жастардың қызығушылығы жоғалтты. Алайда, бағдарламалық басқару арқылы істейтін білдектердің пайда болуымен жону ісі инженерлік өнер қатарына ауысады. Жонып өңделген бөлшектер өнеркәсіп пен техника салаларында қолданылады.


Дәнекерлеу ісі – бұл ғылым, технология және өнер синтезі. Дәнекерлеуші аппаратты шебер игеруі, жабдық жұмысының дұрыс режимін орната білуі, электродты ауыстыру дағдысын машықтауы тиіс. Құрылыс, жөндеу жұмыстарын жүргізу кезінде үнемі түрлі бөлшектерді дәнекерлеу қажеттілігі туындайды. Бұл материалдарды ажыратылмайтындай қосудың ең мықты тәсілі. Дәнекерлеу қажеттілігі өндірісте де, үй шаруасында да туындайды.


Екі мамандық бойынша да чемпионаттың 1-кезеңі онлайн режимде өтеді. Қатысу үшін gosfondmedia@mail.ru поштасына өзінің бірнеше жұмысы бар портфолио мен өтінім беру қажет. 16 жастан 29 жасқа дейінгі жас санатындағы қатысқысы келетін  барлық адамдар қатыса алады. Онлайн кезеңінің қорытындысы бойынша қазылар алқасы таңдаған қатысушылар 28-қазанда Алматы автомеханикалық колледжінде өтетін 2-турға өтеді.


Ол жерде балалар «Жону ісі» мамандығы бойынша сызбаларды оқу, орындалатын бөлшектердің негізгі беттерін анықтау, конкурстық тапсырманы орындау үшін қажетті құрал-сайманды таңдап алу дағдыларын көрсетеді. Қатысушының дайындаған бөлшегі міндетті түрде бағаланады. Дәнекерлеу ісі бойынша шағын чемпионатқа қатысушылар үшін 2-кезеңде түрлі қалыптағы: төменгі, тік және көлденең, 3 шеңберді дәнекерлеу қажет болады. Жұмыс орнын ұйымдастыру, дәнекерлеу жабдығын басқару дағдылары мен жік сапасының сәйкестігі бағаланады.


Шағын чемпионатқа қазылар алқасының мүшелері ретінде қатысушыларды барлық стандарттар бойынша бағалайтын World Skills халықаралық сарапшылары қатысады.


Қорытынды бойынша жеңімпаздар анықталып, бағалы сыйлықтармен, грамоталармен және сертификаттармен марапатталатын болады. Іс-шаралар қауіпсіздік техникасы, карантин шаралары мен әлеуметтік арақашықтық сақтала отырып өткізіледі.


Естеріңізге сала кетейік, World Skills - бұл мақсаты бүкіл әлем бойынша кәсіптік оқыту мен біліктіліктің мәртебесі мен стандарттарын көтеру, бүкіл әлем бойынша халықаралық жарыстар өткізу арқылы жұмысшы мамандықтарын танымал ету болып табылатын халықаралық коммерциялық емес қауымдастық. 1946 жылы құрылған. Бүгінгі таңда ұйымның қызметіне 80 мемлекет қатысады, оның ішінде Қазақстан да бар.       


Барлық мәселелер бойынша мына телефон арқылы хабарласыңыз: 8 (747) 299 3107 - Александра

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайберген Ақтөбе облысының құтқарушыларына алғысын білдірді
Димаш Құдайберген жаңа бейнебаяны шыққанын сүйіншіледі
Димаш Құдайберген аты аңызға айналған опера әншісімен бірге ән айтты
Әлем жұлдыздары Астанада өткен Қысқы қайырымдылық балын қолдады
Димаш Құдайберген Сербияда беделді «Ағайынды Карич қоры» сыйлығын алды
Мультимедиа
Мемлекет басшысы Қазақстан халқы Ассамблеясының «Бірлік. Жасампаздық. Өрлеу» атты ХХХІІІ сессиясын өткізді
Олжас Бектенов Nazarbayev University ғылыми әзірлемелерімен танысты
Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан мен Әзербайжанның Жоғары мемлекетаралық кеңесінің бірінші отырысына қатысты
Қасым-Жомарт Тоқаев «Болашақтың ойындары» халықаралық турнирінің ашылу рәсіміне қатысты
Қасым-Жомарт Тоқаев Президенттік жастар кадр резервінің форумына қатысты