Қалалық көлемде өтетін кез келген белсенді әрекет ететін жастар ұйымы аға буын өкілдерінің көз алдына комсомол, аттандап ұрандату, жиналыстар, отырыстар, бес жылдықтар және басқа да кеңестік өткен шақтың атрибуттарын еріксіз елестетеді. Ал бұл ұйымның құрамындағы жастар кімге ұқсаймыз деп ойланбайды да. Олар өздерін еріктелер деп атайды және олар көмекке кім мұқтаж , сол жандарға көмек қолын созуды, өз қалаларын қалай жақсартуға, қалай таза және әдемірек етуге болады және бұдан да көбірек жақтастарды тарту үшін өздері және өздерінің жұмыстары жайлы айтып беру туралы ойлайды. Заманауи жастарға тиісті бағасын беру керек: олар барлық нәрседен көңілі қалған аға буыннан қарағанда саяси және әлеуметтік тұрғыда неғұрлым белсендірек, жаңа идеялары көп және соларды жүзеге асыруға дайын. Мемлекеттік жастар саясатын дамыту қорының директоры Алма Ауганбаева бізге Алматы жастары қазір қалай өмір сүруде, оларға қандай қолдау көрсетілуде, Жастардың ресурстық орталығы деген не және ол немен айналысатынын айтып берді.
- Соңғы кезде қалада жастардың қатысуымен көптеген іс-шаралар өткізіліп жатыр. Еріктілер жағдайы төмен отбасыларға көмек көрсетеді, ағаш отырғызады, ардагерлерге сыйлық сыйлайды. Мұндай белсенділік немен байланысты. Оның ұйымдастырушысы кім?
- Алматы – өте үлкен қала және студенттер ең көп шоғырланған мегаполис, бұл жерде көптеген оқу орны орналасқан – олар 39 ЖОО және 84 ОАОО . Бізде жастар үшін өте көп мүмкіндіктер бар, инфрақұрылым жақсы дамыған. Өткен жылды ҚР Президенті Жастар жылы деп жариялады, ол жастар ұйымдарын белсендендіруге шабыт берді, ал соның жалғасы ретінде 2020 жыл еріктілер жылы болып жарияланды. Осы тақырыптың аясында көптеген идеялар мен жобалар пайда болды. Біздің Мемқор және Алматы қ. Қоғамдық даму басқармасы жастарды еріктілік қызметіне белсенді түрде тарта бастады. Жалпыға ортақ қасірет - бүкіл әлемді жайлаған пандемия және онымен күресу ең үлкен қозғаушы күш болды. Жастар бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарып, штабтар, еріктілер клубтарын құрып бірікті. Барлықтары егде адамдарға, көп балалы және жағдайы төмен отбасыларға көмектесе бастады. Жастар әрдайым осындай оқиғалардың алдыңғы қатарында тұрғандығын мойындау керек. Төтенше жағдай кезіндегі Еріктілер Жедел штабының жұмысы осыған дәлел бола алады. Қауіпті аймақта тұрған аға буын өкілдеріне ерекше назар аударылды. Бұл атаулы, сондай-ақ, психологиялық та, ақпараттық та көмек, түсіндірме жұмыстары. Қазіргі таңда біз карантин шаралары мен әлеуметтік қашықтықты сақтай отырып, өз жұмысымызды жалғастырып жатырмыз. Көптеген қызықты іс-шараларды онлайн түрде де, сондай-ақ, оффлайн түрде де өткізіп жатырмыз. Қазан айының басында біздің жастарымыз «Таза қала» акциясына қатысып, жеміс ағаштарын отырғызды, эко-рейдтер жүргізді, ашық аспан астында Open Air Cinema кино көрсетуді ұйымдастырды және тағы да көптеген жұмыстар атқарды. Қазан айының ортасында еріктілер ардагерлерді Қарттар күнімен құттықтап, оларға сыйлық табыс етті. Сонымен қатар, ТЖМ жұмыскерлерімен бірге Наурызбай ауданының жағдайы төмен отбасыларына жылыту маусымына дайындалуға көмектесті: өртке қарсы датчиктерді орнатып, түтіндіктерді тазалады. Және мұндай атаулы көмекті біз үнемі көрсетуге тырысамыз.
- Сіздер жастарды қалай ынтымақтастыққа тартасыздар? Сіздер туралы қалай білуге және сіздердің акцияларыңызға қалай қосылуға болады?
- Біздің Мемқор әлеужелілерде өте белсенді жұмыс істейді, біздің серіктес-ұйымдарымыз бар, біз жіберілімдермен айналысамыз, мектептердің, ЖОО-лардың ОАОО-лардың активтерімен жұмыс істейміз, өзіміздің - gosfund.kz деген сайтымыз бар, ол жердегі ақпарат жиі-жиі жаңартылып тұрады. Біздің бастамамызбен және Алматы қ. Қоғамдық даму басқармасының қолдауымен әр ауданда Жастардың ресурстық орталықтары ашылды. Олардың әрқайсысы үшін Instagram-да жеке аккаунт ашылды, оған қоса Мемқордың және жалпы қалалық Жастар орталығының аккаунттары бар. Олардың барлықтары өз парақшаларын белсенді түрде жүргізіп жатыр және барлық акциялар туралы хабарлап отырады.
- Жастар сіздерден қандай көмек пен қолдау ала алады?
- Бізде жұмыстардың өте көп бағыты бар. Біріншіден, біз жастарға жұмысқа орналасуға, өзінің кәсіби бейімділігін анықтауға және жалпы өмірлік жолын табуға көмектесеміз. Жастарға арналған көптеген мемлекеттік, салалық және қалалық бағдарламалар бар және біз балалардың өзін-өзі танытуы үшін қандай мүмкіндіктері бар, сол туралы айтамыз. Әлеуметтік және бизнес саладағы жастардың шығармашылық бастамаларына, жастар жобаларына өте үлкен қолдау көрсетеміз. Бұл тек түсіндіру жұмыстары ғана еме, сонымен қатар, шеберлік сыныптары, мотивациялық кездесулер, презентациялық түсіндірмелер мен жәрмеңкелер форматындағы іс-шаралар. Жастар, соның ішінде жас отбасылар психологиялық қолдауды қажет ететіні сөзсіз және жақында біз анонимдік және психологиялық көмек кабинеттерін аштық, ол жерлерде кәсіби психологтар жұмыс істейді. Осындай форматта біз жеке адамдарға да, сондай-ақ, жастар ұйымдарына да құқықтық көмек көрсетеміз. Бізде сенім телефондары бар, сол нөмірлерге кез келген уақытта хабарласуға болады. Қала кәсіпорындарында жастар істері бойынша кеңестер бар, ол жерде өзекті мәселелер жиі-жиі талқыланып тұрады. Біз үнемі әлеуметтік зерттеулер жүргіземіз, жастар ортасындағы жағдайға, жастардың қоғамдық және этно-мәдени бірлестіктерінің, студенттік ұйымдардың қызметіне мониторинг жасаймыз және әрине жұмыс істейтін жастарды аудандар мен қаланың қоғамдық жұмысына белсенді түрде тартамыз.
- Жастардың Ресурстық орталығы деген не? Ол қашан және кім үшін ашылған?
Жастардың Ресурстық орталығы – кез келген жас адам өз бастамасымен немесе мәселелерімен келе алатын және оған жан-жақты көмек көрсетілетін орын. Бізде психологиялық немесе заңдық көмек, жұмысқа орналасу бойынша кеңестер, жастардың бастамаларын қолдау және ұйымдастыру және тағы да басқа көптеген қызметтерді алуға болады. Атап айтқанда, бізде Жұмыспен қамту орталығы мен ТұрғынүйЖинақҚұрылыс Банкінің іссапарға келген мамандары жастарға арналған бағдарламалар бойынша кеңес береді. ЖРО алғаш рет 2013 жылы пайда болды. Алматыда осы уақытқа дейін бір ғана жалпы қалалық орталық жұмыс істеген, ал содан кейін қала әкімі Бакытжан Сағынтаевтың бастамасымен қаланың әр ауданында филиалдар пайда болды. Жобаны жүзеге асырушы Алматы қ. Қоғамдық даму басқармасы жобаны жүзеге асырды. Қазақстанда жалпы қазір ЖРО-ның 260-дан астам филиалы ашылған, еліміздің әр ауданында десе де болады.
- Сіздерге психологиялық қолдау алуға қаншалықты жиі хабарласады?
- Қазіргі сәтте онлайн 800-ге жуық адам жүгінді. Мұнан басқа, біз мамандандырылған мекемелер үшін тренингтер мен семинарлар өткіземіз, пробация орталықтарымен, балалар үйлерімен және басқа мекемелермен жұмыс істейміз. Бізде психологтың кабинеті ашылған және сенім телефоны бар, анаонимді түрде жастарға кеңес беріледі, жазба жасалады.
- Қазіргі жастар туралы не айтуға болады? Олар қаншалықты белсенді? Қала үшін жастардың өздері не жасауды ұсынады? Жақтастарды қалай тартады?
- Жастар өте белсенді және креативті. Олардың көптеген идеялары бар. Жастар концерттік бағдарлама өткізу немесе атақты тұлғалармен кездесу өткізу, қайырымдылық акцияларын өткізу Әрине, біз өз тарапымыздан қолдау көрсетеміз, Бідің ұйымымыз жастар үшін бос алаң, яғни коворкинг-орталық береді, ол жерде кез келген ұйым өз ім-шарасын өткізе алады. Бізде редактураны КВНщиктер өткізеді, Алматы дебаттық орталығы ұйымдастырған дебаттық турнирлер өтеді. Біреулер кеңес алуға келеді, ал кейбіреулер стартап-жобаларымен келеді. Аптасына жастардың бастамасымен коворкинг-орталықта 5-6 іс-шара өткізіледі. Әрине, біз барлығының карантин шаралары мен санитарлық нормалары сақталып өткізілгендігін қатаң қадағалап отырамыз.
- Жақын болашаққа қандай жоспарларыңыз бар?
Жақын уақытта біз ерекше балаларға арнап «Алматының қызыл алмасы – мықты және бақытты отбасының символы» деген қайрымыдылық фестивалін онлайн өткізуді жоспарлап отырмыз, ол жерде барлық қатысушылардың таланттары туралы айтатын боламыз, қазір балалардың нөмірлерімен презентациялық видеороликтер дайындалып жатыр. Сондай-ақ, қазір ұсталар, дәнекерлеушілер, шаштараз-колористер, аспаздар, дизайнерлер мен модельерлер сияқты жұмысшы мамандықтарын көпшілікке түсіндіруге бағытталған «Jastar Skills» кәсіби шеберлік бойынша қалалық мини-чемпионтқа дайындық жүргізіліп жатыр. Барлық осы іс-шараларды біз әлеужелілер мен ресми сайттарда хабарлап отырамыз.