Жонушы, дәнекерлеуші, монтаждаушы… қазіргі уақытта бұл мамандықтар көнерген, абыройы және зияткерлігі төмен сияқты көрінуі мүмкін. Осы арада сауатты дәнекерлеуші программистен кем ойланбауы тиіс, себебі оның кей-кейде зергердікіне ұқсап кететін жұмысыны объектінің қауіпсіздігі тікелей қатысты.
Бұл құрылыс саласындағы өте қажет мамандықтардың бірі. Бұндай адам, жақсы жонушы, аспаз, шаштараз немесе киім дизайнері сияқты, ешқашан жұмыссыз және ақшасыз қалмайды. Қолы алтын шеберлер әрқашан да қажет, себебі адамдар жақсы тұрғын үйді, дәмді тағамды және өзін-өзі күтуд іүнемі қажет ететін болады. Самуил Маршак өзінің танымал өлеңінде жырлағандай: «Әр түрлі адамдар қажет, әр түрлі адамдар маңызды».
Аталған мамандықтардың қажетсіздігі туралы мифті жою, олардың мәртебесін және жастар арасында кеңінен таралуын көтеру мақсатында, биылғы жылы Алматы Жастар саясатын дамыту қоры Қоғамдық даму басқармасы мен Білім басқармасының қолдауымен Jastar Skills 2020 жобасын ұйымдастырды. Оның басты мақсаты жастарға жақсы жұмыс табуға және өз отбасыларын болашақта қолдауға көмек көрсету болып табылады. Ол сонымен қатар жас мамандарға өздерінің кәсіби дағдылары мен құзыреттерін көрсетуге мүмкіндік береді.
Мини-чемпионаттар жонушы, дәнекерелеуші және аспаз ісі, шашты күрделі бояу, сонымен қатар киім дизайны мен оны модельдеу сияқты 5 кәсіпті қамтиды.
Чемпионаттың бірінші кезеңі жону мен дәнекерлеу ісі кәсіптері бойынша өткен сәрсенбіде, 28 қазанда. Алматы Автомеханикалық колледжінде өтті.
World Skills халықаралық сарапшылары әділ қазылар алқасы болды. Болашақ жонушылар сызбаларды ұстау, жасалатын бөлшектің базалық беттерін анықтау, конкурстық тапсырманы орындау үшін қажетті сайманды таңдау, жону станогын баптау мен басқару шеберліктерін көрсетті. Тәжірибелік жұмыстары да бағаланды: конкурсанттар автомобиль өндірісі үшін бөлшектер жонды. Ал болашақ дәнекерлеушілер әртүрлі: төменгі, тігінен және көлденең күйдегі үш шеңбер дәнекерлеулері қажет болды. Әділ қазылар алқасы дәнекерлеу тігістерінің сапасын, жұмыс орнын ұйымдастыру және дәнекерлеуші жабдықты басқару дағдыларын бағалады.
«Жону ісі» кәсібі бойынша Даниил Денисенко жеңімпаз болды, ал Владислав Кевлич бірауыздан үздік дәнекерлеуші болып танылды. Жеңімпаздардың барлығы мақтау қағаздары мен бағалы сыйлықтар алды.
Ал бүгін бізге дәл қазір Cook Well кулинарлық мектеп-студиясында өтіп жатқан аспаздық өнер бойынша чемпионат жеңімпаздарының есімдері белгілі болады. Оның нәтижелері жуық арада Инстаграмда, Жастар ресурстары орталығы парақшасында жарияланады.
29-10-2020, 20:00
Jastar Skills 2020 – бұрынғы мамандықтың жаңа өмірі
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз