Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Қазақстан Еуропа Кеңесінің компьютерлік қылмыстар жөніндегі Конвенциясына қосылмақ

Қазақстан Еуропа Кеңесінің компьютерлік қылмыстар жөніндегі Конвенциясына қосылмақ
Фото: pixabay.com

Бұл интернет желісінде жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу мүмкіндіктерін кеңейтуге ықпал етеді, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі inbusiness.kz-ке сілтеме жасап.

ҚР ІІМ Киберқылмысқа қарсы күрес орталығының бастығы Жандос Сүйінбайдың айтуынша, мұндай заң бұзушылықтар онлайн жасалатындықтан күдіктіні анықтауда белгілі бір қиындықтар туындайды. 

"Шетелдік байланыс провайдерлері мен интернет-ресурстар иелерінің меншігіндегі ақпаратпен жедел алмасу қажеттілігі туындайды. Осыған байланысты шет мемлекеттердің құқық қорғау органдарымен және түрлі халықаралық құрылымдармен халықаралық ынтымақтастыққа үлкен рөл беріледі. Бүгінгі таңда осы саладағы халықаралық ынтымақтастықты көздейтін жалғыз құжат Еуропа Кеңесінің компьютерлік қылмыстар жөніндегі Конвенциясы болып табылады", – деді спикер. 

Министрлік конвенцияға қосылу жөнінде бірқатар шаралар қабылдады, соның нәтижесінде 2023 жылдың сәуір айында Қазақстанға Еуропа Кеңесінің оған қосылуға шақыруы келіп түсті.

"Бұл шара құқық қорғау органдарына шетелдік құзыретті органдармен жедел ақпарат алмасуға, сондай-ақ интернет желісінде жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу мүмкіндіктерін кеңейтуге ықпал ететін болады. Сонымен қатар, бізге заңнаманы Конвенцияның нормаларына сәйкес келтіру, сондай-ақ оны ратификациялау процесі күтіп тұр", – деді Киберқылмысқа қарсы күрес орталығының бастығы.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Мультимедиа
Алматы волонтерлері мерекелік концерттен кейін Астана алаңында тазалық жұмыстарын жүргізді
Оралда Наурыз мерекесіне 50 мыңнан астам адам жиналды
«Алтын адам» Алматы облысында өткен референдумға келді
БҚО әкімі Нариман Төреғалиев әйелдерді 8 наурыз мерекесімен құттықтады
Мемлекет басшысы XXV Қысқы Олимпиада ойындарының чемпионы Михаил Шайдоровты марапаттады