Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

ІІМ Тоқаевқа ведомствоның былтыр атқарған жұмысы туралы есеп берді

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ішкі істер министрі Марат Ахметжановты қабылдады, деп хабарлайды Ақорда.
Кездесу барысында Ішкі істер министрі президентке ведомствоның былтыр атқарған жұмысы мен алдағы кезеңге арналған жоспары жөнінде есеп берген. Сондай-ақ құқықбұзушылықтардың алдын алу үшін қабылданып жатқан шаралар туралы баяндаған. Бұл шаралар елімізде кісі өлтіру қылмыстарының санын айтарлықтай азайтуға ықпал еткен. Бұдан бөлек ұрлыққа және мал ұрлығына қатысты қылмыстарды ашу жұмыстары күшейтілген.
Марат Ахметжановтың айтуынша, ұйымдасқан қылмыстың шығу себептері мен қаржыландыру көздерін жоюға басымдық бере отырып, оларға қарсы күрес тәсілдерін өзгерту нәтижесінде ұйымдасқан қылмыстық топтардың (ҰҚТ) 24 басшысы мен 114 мүшесі тұтқындалған. Ішкі істер министрі президентке киберқылмыспен күресу үшін қабылданып жатқан шаралар туралы да баяндаған. Мәселен, интернет-алаяқтыққа қарсы іс-әрекет жөніндегі кешенді шараларды жүзеге асыру барысында ұялы байланыс компаниялары "ауыспалы" нөмірлерден шалынған 5,5 миллион қоңырауды бұғаттаған.
Министрлік алты ұйымдасқан қылмыстық топты жойып, алаяқтық белгілері бар 165 сайттың жұмысын тоқтатқан. Сонымен қатар Ішкі істер министрлігі басқа құқық қорғау және арнаулы органдармен бірлесіп, 2781 есірткі қылмысын анықтаған. Заңсыз айналымнан 15 тоннадан астам есірткі тәркіленіп, 70 есірткі зертханасы жойылған және есірткі жарнамалайтын 1990 сайт бұғатталған. Кездесу соңында мемлекет басшысы тұрмыстық зорлық-зомбылықтың, интернет-алаяқтықтың, ауылдық жерлердегі қылмыстың кез келген көрінісі бойынша алдын алу шараларын қабылдаудың және жедел әрекет етудің маңызды екенін атап өткен. Президент бұл бағытта ұйымдастыру жұмыстарын жүргізіп, заңнамалық шаралар қабылдауды тапсырған. Сондай-ақ ведомство басшысына елімізде жол қауіпсіздігі мен құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету жөнінде бірқатар міндет жүктеген. скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік наградалар, жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер тапсыру рәсіміне қатысты
Елордада бірлік пен руханиятты ұлықтаған «Әз-Наурыз» мерекесі өтті
Мемлекет басшысы күштік құрылым қызметкерлерін марапаттады
2025 жылғы реформалар мен жаңа өзгерістер: Көлік министрлігі
Мемлекет басшысы KIS Astana халықаралық мектебін аралап көрді