Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

ІІМ: Қазақстанда 34 млн алаяқтық қоңырау бұғатталған

ІІМ: Қазақстанда 34 млн алаяқтық қоңырау бұғатталған
Фото: pixabay.com

Соңғы жылдары банк қызметкерлерінің атынан жасалған телефон алаяқтықтары жиілеп кетті. Қылмыскерлер көбіне нөмірді ауыстыру қызметін пайдаланады. Өткен жылы полиция қызметкерлері осындай 3600 қылмысты анықтады, – деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Осыған байланысты ІІМ оларды бұғаттау мәселесін көтерді. Ведомство Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігімен бірлесіп, “Ксеll”, “КаР-Тел”, “Altel” және “Теle2” ұялы байланыс операторларының антифрод-жүйелерінің дерекқорларын біріктіруді ұйымдастырды.

Қабылданған техникалық шаралар қазақстандық абоненттік нөмірлерге халықаралық трафик арқылы өтетін фрод-қоңырауларды тануға және бұғаттауға мүмкіндік берді.

Нәтижесінде өткен жылдың 6 айында 19 млн алаяқтық қоңырау бұғатталды, ал ағымдағы жылдың басынан бері анықталған қоңыраулар 15 млннан асады.

Осындай қылмыстар жасауға қатысы бар адамдарды анықтау, оның ішінде “call-орталықтар” деп аталатын қызметті бейтараптандыру және жолын кесу бойынша шаралар қабылдануда.

Мәселен, өткен жылы ел аумағында интернет-алаяқтық кезінде ұрланған ақшаны қолма-қол ақшаға айналдырумен айналысқан 5 трансұлттық қылмыстық топ анықталып, жолы кесілді.

Өткен жылдың желтоқсан айында Украинаның ұлттық полициясымен бірге Днепропетровск облысының аумағында арнайы операция жүргізілді. Соның нәтижесінде қазақстандықтарды алдаумен айналысқан Украинаның 32 тұрғынынан тұратын қылмыстық топ жойылды.

Қабылданған шаралардың нәтижесінде IP-телефонияны пайдаланумен байланысты телефон алаяқтығының саны екі есе төмендегенін атап өткен жөн.


скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Мультимедиа
Алматы волонтерлері мерекелік концерттен кейін Астана алаңында тазалық жұмыстарын жүргізді
Оралда Наурыз мерекесіне 50 мыңнан астам адам жиналды
«Алтын адам» Алматы облысында өткен референдумға келді
БҚО әкімі Нариман Төреғалиев әйелдерді 8 наурыз мерекесімен құттықтады
Мемлекет басшысы XXV Қысқы Олимпиада ойындарының чемпионы Михаил Шайдоровты марапаттады