Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Астанада Қазақстан-Еуроодақ бизнес форумы басталды

Астанада Қазақстан-Еуроодақ бизнес форумы басталды
Фото: ҚР ИИДМ баспасөз қызметі

ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Марат Қарабаев еліміздің бас шаһарында өтіп жатқан «Қазақстан-Еуропалық одақ: аса қажетті шикізат саласындағы бизнес әріптестік» форумына қатысты, деп хабарлайды kazlenta.kz.

Алқалы жиынның ашылуына Еуропалық одақтың Қазақстандағы елшісі Кестутис Янкаускас, ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі Ілияс Оспанов, ҚР Сыртқы істер министрлігінің және «Астана» халықаралық қаржы орталығының өкілдері, сондай-ақ еліміз бен Еуропаның іскер азаматтары қатысты.

Естеріңізге сала кетейік, Қазақстан мен Еуроодақ арасында аса қажетті шикізатпен қамтамасыз ету саласындағы меморандум аясында Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі ЕО-тың еліміздегі өкілдігімен бірлесіп, мемлекеттік органдар мен бизнес өкілдерінің қатысуымен бірқатар ауқымды кездесуді ұйымдастыруды жоспарлап отыр.

Марат Кәрімжанұлы айтқандай, аталған форум ҚР Үкіметі мен Еуропалық комиссияның минералды ресурстар саласындағы әріптестігін қалыптастыру жөніндегі ортақ жұмысының нәтижесі.

«Біз еуропалық тараптың аса қажетті шикізат түрлерін тасымлдау жұмыстарын әртараптандыруға бағытталған қадамдарын толығымен қолдаймыз. Қазақстанның бұл тұрғыда маңызы зор. Еліміз осы минералды ресурстарды игеріп, өндіру саласында технологиялық базаны жаңғыртуға көңіл бөліп келеді. Осыған байланысты біз еуропалық озық жетістіктерге қол жеткізіп, технологиялармен алмасудың жеделдетілген форматын іске асыруды күтеміз», деді М.Қарабаев.

Сондай-ақ ведомство басшысы Қазақстан Үкіметінің республика аумағында қосылған құны жоғары өнім өндірісін жолға қою мақсатында отандық шикізат материалдарын қолдану арқылы еуропалықтармен бірлескен өндіріс орындарын құруға дайын екенін айтты.

Бұл тұста ҚР ИИДМ басшысы қазақстандық бизнес өкілдерін белсенділік танытып, сонымен қатар Қазақстан мен Еуропалық одақтың ғылыми қауымдастықтарын да өзара тиімді ынтымақтастық құруға шақырды.

Айта кетейік, Қазақстан минералды-шикізаттық ресурстар қоры жағынан әлемде көшбасшы елдердің қатарына кіреді. Қазақстанның жер қойнауында отын-энергетика кешенінің (көмірсутек, көмір, уран), қара, түсті, сирек металдардың, басқа пайдалы қазбалардың, жер асты суларының және басқа қазбалардың кен орындары мол. Тұтастай мемлекеттік есепке алу пайдалы қазбалардың 113 түрі бойынша жүргізіліп келеді.

Қазақстанда жүргізілген геологиялық зерттеу жұмыстары аса қажетті шикізат түрлерінің санын ұлғайтуға болатынын көрсетті. Айталық, Оңтүстік Қазақстанда табиғи гелийдің қоры көп. Қарағанды облысында платинаның жаңа перспективалы орындары бар. Ақтөбе облысында магнезит қоры көлемі жағынан айтарлықтай әлеуетке ие. Шығыс Қазақстанда литийдің бұрынғы кен орындарын игеру жұмыстары қолға алынды.

ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі Ілияс Оспановтың айтуынша, қазір минералды шикізаттың аса қажетті түрлерінің әлемдік нарығының үрдісі шикізатты жеткізудің тұрақты тізбегін құру арқылы өзін-өзі қамтамасыз етуге бағытталған.

«Минералды шикізаттың аса қажетті түрлерін қолданбай әлемдік экономиканы карбонсыздандыру мүмкін емес. Пайдалы қазбаның айтарлықтай қорына ие еліміз осы салада ынтымақтастыққа қашанда дайын», деді министрдің орынбасары.

Қазір республикада жоғарыда аталған пайдалы қазбаның 16 түрі өндіріліп, өңделіп жатыр. Олар негізінен АҚШ, ҚХР, Оңтүстік Корея, ЕО елдері, Ұлыбритания және т. б. мемлекеттерге экспортталады.

Осы жылдың қараша айында Брюссельде Raw Materials Week-2023 форумы өтеді деп көзделген. Оның шеңберінде Қазақстан өзінің ұлттық стендін және мамандандырылған сессиясын ұйымдастырады. Іс-шара барысында қазақстандық тараптан 100-ден астам салалық бизнес кәсіпорнын тарту, сондай-ақ екіжақты B2B форматындағы кездесулерді өткізу жоспарланып отыр.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Бүгін Димаш Құдайберген 30 жасқа толды
Димаш Құдайберген Ақтөбе облысының құтқарушыларына алғысын білдірді
Мультимедиа
Шымкентте «Көк тудың желбірегені» атты патриоттар форумы өтті
Олжас Бектенов Президенттің Жаңаөзенді дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексеріп, ГӨЗ құрылысымен танысты
Мемлекет басшысы V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының ашылу салтанатына қатысты
Мемлекет басшысы ХХХІІІ жазғы Олимпиада ойындарының жүлдегерлерімен кездесті
Мемлекет басшысы «Кәусар» оқушылар сарайын аралап көрді