Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Қазақстан мен Еуроодақ жер қойнауын игеру саласында әріптестікті нығайтуға мүдделі

Қазақстан мен Еуроодақ жер қойнауын игеру саласында әріптестікті нығайтуға мүдделі
Фото: gov.kz

Astana Mining & Metallurgy XIII халықаралық тау-кен металлургия конгресінің аясында ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Марат Қарабаев Еуропалық комиссияның вице-президенті Марош Шефчовичпен кездесіп, тараптар сирек кездесетін металдарды өндіріп, өңдеу мен бірлескен инвестициялық жобаларды жүзеге асырудың жолдарын қарастырды, деп хабарлайды kazlenta.kz.

ҚР ИИДМ басшысы айтқандай, қазір Еуропалық одақпен жер қойнауын игеру бағытында өзара тиімді әріптестік жолға қойылған. Атап айтқанда, аса қажетті минералды-ресурстар саласында екіжақты ынтымақтастықтың кейінгі бағыттары, оның ішінде өзара түсіністік туралы меморандумның бірінші Жол картасын іске асыру қарастырылған. Сондай-ақ күн тәртібінде аса қажетті шикізат пен аккумулятор батареялары саласындағы өзара байланысты арттыру үшін ЕО-дың қаржыландыру тетігін пайдалану жолдары пысықталды.

«Елімізде германиялық HMS Bergbau компаниясымен литий кен орындарын игеруге байланысты бірлескен жоба қолға алынды. Бұған қоса электромобиль мен басқа да озық технологиялардың өндірісіне қажетті сирек кездесетін металдардың (кобальт, никель, литий, қалайы және вольфрам) жаңа түрлерін өндіріп, өңдеу бойынша жобаларды іске асырудың перспективалары бар», деді Марат Кәрімжанұлы.

Фосфор шикізаты бойынша Еуропа нарығының 71%-ын Қазақстан қамтамасыз етіп келетіні белгілі. Тұтастай алғанда, ЕО-қа титан, бериллий, тантал, рений және ванадий жеткізіліп жүр. Осыған байланысты Қазақстанда тереңдетілген өндіріске көшу үшін дайын өнім шығарумен металл кендерін өңдеу бойынша бірлескен өндірістер құрудың тың мүмкіндіктері қарастырылғанын айта кеткен орынды.

«Бұл ретте біз «шикізатты технологияға алмастыру» қағидасын ұстанатынымызды атап өткім келеді. Біздің көздеп отырған негізгі мақсатымыз – әлемдік қосылған құн тізбегіне өз үлесімізді қосу», деді Марат Кәрімжанұлы.

Бұдан бөлек Қазақстанның Еуропа елдерімен қарым-қатынасы ESG (экологиялық, әлеуметтік және корпоративтік басқару) талаптарын ұстанатын инвесторларды тарту қағидаларына негізделген. Сондай-ақ тау-кен қалдықтарын өңдеу бойынша дағдыларды арттырып, өнім сапасын жақсарту бағытында әріптестікті күшейту көзделген.

Стратегиялық әріптестікті қарастыратын Жол картасына тоқталсақ, бұл құжат 4 бағыт бойынша ынтымақтастықтың нақты шараларын анықтайтынын атап өткен жөн. Мысалы, сирек кездестін минералдар мен аккумулятор батареяларының тұрақты құн тізбектерін біріктіру, «жасыл» сутегіне негізделген аккумулятор өндірісін арттыру және жасыл сутегін жеткізу тізбектерінің тұрақтылығын жолға қойып, зерттеулер, инновациялар, дағдылар мен кадрлық әлеуетті нығайту межеленіп отыр.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Раим мен Ерке Есмахан жуырда сәбилі болатынын хабарлады
Алматыдағы фитнес-клубта блогер Әсел Асқар соққыға жығылды
Ұлытау облысында бақшасына есірткі өсірген тұрғын анықталды
Марат Қарабаев Ұлытау облысының даму жоспарымен танысты
Димаш өзінің Stranger әлемдік турына кәсіби бишілерді іздеп жатыр
Мультимедиа
Қазақстан Президенті Berlin Global Dialogue форумында сөз сөйледі
Әлихан Смайылов Қазақстанда жаңа технологиялық құрылымның қалыптасуы туралы айтып берді
Мемлекет басшысы БҰҰ-ның Орнықты даму мақсаттары жөніндегі саммитіне қатысты
Қазақстанда ҰҚШҰ-ға қатысушы мемлекеттердің халықаралық есірткіге қарсы операциясы аяқталды
Қазақстанда күзгі шақыру науқаны басталды