Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Мемлекет басшысы «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ Басқарма Төрағасы Ахметжан Есімовті қабылдады

Қасым-Жомарт Тоқаевқа «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» компаниялар тобының 9 айдағы жұмысының қорытындылары туралы есеп берілді.


Ахметжан Есімовтің мәліметінше, есептік кезеңдегі таза табыс жоспарланған 167 млрд теңгеден 2,6 есеге асып, 436 млрд теңгеге жеткен. Биыл акционер – ҚР Үкіметіне 120 млрд теңге дивидендтер төленіп, 2017 жылғы көрсеткішпен салыстырғанда 10 есе артық. Сондай-ақ энергетикалық, мұнай-газ, уран, телекоммуникациялар, пошта және басқа да салалардағы компаниялар тобының барлық кәсіпорындарында үздіксіз жұмыс қамтамасыз етілді. Өндірістегі жұмыс орындары жаппай қысқартуға ұшырамай, персонал толық құрамда сақталды, қызметкерлерге еңбекақы уақытылы төленіп отыр.


«Самұрық-Қазына» басшысы Қор сатып алулар жүйесі арқылы ел экономикасын қолдауға қатысты Мемлекет басшысының тапсырмаларын орындау жөніндегі жұмысты жалғастырып жатқанын хабарлады. Биылғы 9 айдың қорытындысы бойынша Қордың сатып алулар жүйесіндегі жергілікті өнім үлесі 66% құрады. Бәсекелестік ортаға 819 млрд теңгеге сатып алулар шығарылған. Бизнестің 17 000 субъектісі Қордың сатып алуларына қатысуға мүмкіндік алды. 2020 жылдың басынан бері компаниялар тобы 2,4 трлн теңгеге отандық бизнеспен шарттар жасасып, жергілікті кәсіпорындарға 12 мың тапсырыс берілген. Аталған кәсіпорындарда 280 мың адам жұмыс істейді. Есеп бойынша мемлекеттік бюджетке 170 млрд теңге көлемінде салық төлемдері түсуі тиіс.


Сондай-ақ Қазақстан Президентіне Қорды инвестициялық холдингке айналдыру тұжырымдамасы ұсынылды.


Басқарма басшысы Ахметжан Есімов Қасым-Жомарт Тоқаевқа инвестициялық холдингке айналдырудың артықшылықтары туралы айтты. Оның сөзінше, бұл портфельді активтердің география және салар бойынша әртараптандыруға, халықаралық инвестициялардан түсетін табысын арттыруға, дивидендтердің есебінен бюджет түсімдерін арттыруға мүмкіндік береді.


Мемлекет басшысына Жолдаудағы тапсырмаларға сәйкес, Қор активтерін жекешелендіру бағдарламасы жалғаса беретіні туралы хабарланды. Бұл ретте, Қор мемлекеттік және жеке меншік мүдделер арасындағы тепе теңдікті қамтамасыз ету мақсатында ірі және стратегиялық компаниялардағы үлесін 51 және одан да көп пайызын бақылауды сақтап қалады.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Бүгін Димаш Құдайберген 30 жасқа толды
Димаш Құдайберген Ақтөбе облысының құтқарушыларына алғысын білдірді
Мультимедиа
Шымкентте «Көк тудың желбірегені» атты патриоттар форумы өтті
Олжас Бектенов Президенттің Жаңаөзенді дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексеріп, ГӨЗ құрылысымен танысты
Мемлекет басшысы V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының ашылу салтанатына қатысты
Мемлекет басшысы ХХХІІІ жазғы Олимпиада ойындарының жүлдегерлерімен кездесті
Мемлекет басшысы «Кәусар» оқушылар сарайын аралап көрді