Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Бурабай курорттық аймағында ҰҚҚКБ қызметкерлері бопсалаушылар тобының жолын кесті

Бурабай курорттық аймағында ҰҚҚКБ қызметкерлері бопсалаушылар тобының жолын кесті
Фото: polisia.kz

Бурабай курорттық аймағында Ақмола облысының ҰҚҚКБ қызметкерлері бопсалаушылар тобының жолын кесті, – деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Полиция департаменті арнайы құрылымдары жауынгерлерінің және ұйымдасқан қылмыспен күрес басқармасы қызметкерлерінің ауқымды арнайы операциясының нәтижесінде Щучинск қаласында Бурабай ауданының аумағында бопсалаумен айналысатын жас жігіттер тобының қылмыстық қызметі тоқтатылды.


Ұзақ мерзімді тексеру жұмыстары барысында бопсалаушылардың жергілікті тұрғындарды, негізінен жастарды мобильді банкинг арқылы ақшалай және тауарлық несие алуға мәжбүрлегендері, ал бас тартқан жағдайда зорлық-зомбылық көрсетіп қорқытқандары анықталды.

Топтың қылмыстық іс-әрекеттерінің дәлелдемелік базасын жинау үшін ҰҚҚКБ қызметкерлері бірқатар арнайы жедел іс-шаралар өткізді. Соның нәтижесінде бопсалау, тонау, алаяқтық жасау және қылмыстық қақтығыстарға қатысу деректері анықталып, ресми түрде құжатталды және қылмыстық істерге тіркелді.


Арнайы операция барысында полиция қызметкерлері тінту іс-шараларын жүргізіп, қатысушылардың ұялы телефондарын тәркіледі.

4 дерекке қатысты ҚР ҚК-нің 194-бабының 1-бөлігі және 194-бабының 2-бөлігі (Бопсалау) бойынша сотқа дейінгі тергеулер жүргізіліп жатыр.
Полиция бөліміне 8 айыпталушы жеткізілді, оның 4 -і уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Полицейлер ұсталғандардың заңсыз әрекеттерінен зардап шеккен азаматтардың барлығын анықтау бойынша кешенді жедел және тергеу іс-шараларын жүргізіп жатыр.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайберген Ақтөбе облысының құтқарушыларына алғысын білдірді
Димаш Құдайберген жаңа бейнебаяны шыққанын сүйіншіледі
Димаш Құдайберген аты аңызға айналған опера әншісімен бірге ән айтты
Әлем жұлдыздары Астанада өткен Қысқы қайырымдылық балын қолдады
Димаш Құдайберген Сербияда беделді «Ағайынды Карич қоры» сыйлығын алды
Мультимедиа
Мемлекет басшысы Қазақстан халқы Ассамблеясының «Бірлік. Жасампаздық. Өрлеу» атты ХХХІІІ сессиясын өткізді
Олжас Бектенов Nazarbayev University ғылыми әзірлемелерімен танысты
Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан мен Әзербайжанның Жоғары мемлекетаралық кеңесінің бірінші отырысына қатысты
Қасым-Жомарт Тоқаев «Болашақтың ойындары» халықаралық турнирінің ашылу рәсіміне қатысты
Қасым-Жомарт Тоқаев Президенттік жастар кадр резервінің форумына қатысты