Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Өрттің себебі ретінде барлық нұсқа қарастырылады деп ойлаймын – министр

Өрттің себебі ретінде барлық нұсқа қарастырылады деп ойлаймын – министр
Фото: pixabay.com

Ішкі істер министрі Марат Ахметжанов Семейдегі орман өрті бойынша қылмыстық іс қалай жүргізілетінін түсіндірді, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі ҚазАқпарат сайтына сілтеме жасап.


«Семей өрті бойынша тергеу жүріп жатыр. Мемлекет басшысының тапсырмасымен қылмыстық іс жүргізуді Бас прокуратура өз жауапкершілігіне алды. Яғни тергеуді прокурорлар жүргізіп жатыр, солардан толығырақ ақпарат ала аласыздар. Әділдік үшін өрттің неден туындағаны жөнінде барлық нұсқалар қарастырылады деп ойлаймын», - деді Ішкі істер министрі Марат Ахметжанов тілшілер сұрағына жауап бере отырып.


Оның айтуынша, ІІМ күштері апат орнында тұрғындарды эвакуациялауға қатысты, тонаушылық пен өзге де қылмыстардың алдын алу үшін күзет ұйымдастырылған.


«Бұл жұмыстарға облыстағы қызметкерлеріміз бен Ұлттық ұлан бөлімшелері қатысуда. Жүзден астам жедел әрекет ету қызметкерлері жұмыс істеп жатыр», - деді Марат Ахметжанов.


Бұған дейін хабарлағанымыздай, Абай облысында өрт маңындағы ауылдарда мородерлікке жол бермес үшін ҚР Ұлттық ұланы «Шығыс» өңірлік қолбасшылығының 100-ге жуық сарбазы көмекке аттанды.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Бүгін Димаш Құдайберген 30 жасқа толды
Димаш Құдайберген Ақтөбе облысының құтқарушыларына алғысын білдірді
Мультимедиа
Шымкентте «Көк тудың желбірегені» атты патриоттар форумы өтті
Олжас Бектенов Президенттің Жаңаөзенді дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексеріп, ГӨЗ құрылысымен танысты
Мемлекет басшысы V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының ашылу салтанатына қатысты
Мемлекет басшысы ХХХІІІ жазғы Олимпиада ойындарының жүлдегерлерімен кездесті
Мемлекет басшысы «Кәусар» оқушылар сарайын аралап көрді