Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Жеке үйлердің аулаларына ұрлыққа түскен елорда тұрғыны құрықталды

Жеке үйлердің аулаларына ұрлыққа түскен елорда тұрғыны құрықталды
Фото: pixabay.com

Жеке үйлердің аулаларына ұрлыққа түскен елорда тұрғыны құрықталды, – деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Криминалдық полиция қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу кезінде ұрлық қылмысына қатысы бар 31 жастағы қала тұрғынын анықтады. Тергеу барысында күдікті Қоянды кентінде оңай олжаны көздеп, қылмыстық оймен үйлердің маңайын аралап жүргендігі анықталды.

Күдікті аулалардың бірінің аумағында есігі құлыпталмаған металл контейнерді байқап, ішке кіріп, электр шамын ұрлаған. Іс-әрекеті жазасыз қалады деген оймен, келесі күні ол тағы да “іске” шыққан. Құлыпталмаған гаражды байқаған ол ұқсас жолмен жеке аулаға еркін кірген. Ол жерден бензин құтысын, бұрағышты, болгарка, электр бұрғысын және басқа да құнды құралдарды алып кеткен. Оның осыған ұқсас бес эпизодқа қатысы бары белгілі болды.

Аталған дерекке қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр. Оның елорда аумағында жасалған басқа да осыған ұқсас қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексеріліп жатыр. Ер адам мойындау көрсетпелерін берді және қамауға алынды. Заттай дәлелдемелер тәркіленді.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Мультимедиа
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді
Алматы мектептерінде аттестат тапсыру рәсімі аяқталды: оқу жылының қорытындысы шығарылды
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді
«Таза Қазақстан»: Астанада «Рыскелді қажы» мешітінің маңында экологиялық акция өтті
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ресей Президенті Владимир Путин шағын құрамда келіссөз жүргізді