Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Астана әуежайы жолаушыларды багаж жинау барысында мұқият болуға шақырады

Астана әуежайы жолаушыларды багаж жинау барысында мұқият болуға шақырады
Фото: vlast.kz/ Жанара Каримова

Елордадағы әуе айлағының баспасөз қызметі жолаушыларды багаж жинау барысында мұқият болуға шақырады, деп хабарлайды kazlenta.kz.

Осы жылдың 3 айында Астана халықаралық әуежайы 660 мыңға жуық жолаушыға қызмет көрсеткен. Бұл ретте әуе айлағының авиациялық қауіпсіздік қызметі жолаушыларды тексеру кезінде 5177 тыйым салынған зат тәркіледі. Оның ішінде, 124 бірлік суық және газ қаруы, 66 бұрыш қосылған спрей мен электрошокер, 7 кастет, қару тектес 582 зат, 65 оқ-дәрі, 44 жарылғыш зат, 24 улы, коррозиялық және басқа да заттар бар. Сондай-ақ жолаушылардан 72.8 литр тез тұтанатын сұйықтықтар және әуе кемелерінде тасымалдауға шектелген 4264 ықтимал қауіпті зат табылды. Көбінесе бұл балға, балта, тесу және кесуге арналған құралдар.

Бұдан басқа багажда және қол жүгінде декларацияланбаған ірі ақша сомаларын алып жүру жағдайлары анықталып, ҰҚК және ҚР ҚМ МКК уәкілетті қызметтеріне жіберілді.

2022 жылы елордалық әуе айлағы өз тарихында алғаш рет 6 млн жолаушыға қызмет көрсеткенін естеріңізге сала кетейік. Өз кезегінде қауіпсіздік қызметі жолаушылардан 2 мыңнан астам атыс қаруы мен 67 780 оқ-дәріні тәркілеген.

Әуе көлігінің ерекшеліктеріне байланысты жолаушылар авиатасымалдарында қауіпсіздік мәселесіне көбірек көңіл бөлінеді. Ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі міндетті іс-шаралар кешені экипаж бен жолаушыларға қауіп немесе зорлық-зомбылық құралы ретінде пайдаланылуы мүмкін тыйым салынған заттары бар адамдардың бортқа кіруіне жол бермеуге бағытталған.

Жолаушылардың қауіпсіздігі мен жайлылығын қамтамасыз ету үшін әлемдік тәжірибеге сәйкес жолаушыларды, қол жүгі мен багажды қолмен іріктеп тексеру жүргізіледі.

Қазақстанның авиациялық қауіпсіздік қағидалары әрбір рейс жолаушыларының жалпы санының кемінде 10 пайызын мұқият тексеріп шығуды талап етеді. Бұл ICAO халықаралық қауіпсіздік стандарттарында да қарастырылған.

Сондықтан Астана әуежайында 2015 жылдан бастап рандомайзер функциясы бар аркалы металл іздегіштер пайдаланылады. Аталған құрылғылар жолаушылардың 10%-ын автоматты түрде және кездейсоқ тәртіппен таңдайды.

Егер құрылғы тексеру барысында сигнал берсе, жолаушы рентген-теледидар қондырғысы арқылы жеке тексеру үшін аяқ киімін (құрамында металл заттар болмаса да) шешіп, тексеруден өтуі керек. Сонымен қатар тексеру қызметкерлері жолаушының қол жүгін мұқият тексеріп, әр затты тексеруге міндетті.

Осыған байланысты жолаушылар барынша түсіністік танытып, әуежай инспекторларының заңды талаптарын орындаулары қажет. Тексеруден жалтарған жолаушылар «Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы» Заңға сәйкес тасымалдауға жіберілмейді.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Бүгін Димаш Құдайберген 30 жасқа толды
Димаш Құдайберген Ақтөбе облысының құтқарушыларына алғысын білдірді
Мультимедиа
Шымкентте «Көк тудың желбірегені» атты патриоттар форумы өтті
Олжас Бектенов Президенттің Жаңаөзенді дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексеріп, ГӨЗ құрылысымен танысты
Мемлекет басшысы V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының ашылу салтанатына қатысты
Мемлекет басшысы ХХХІІІ жазғы Олимпиада ойындарының жүлдегерлерімен кездесті
Мемлекет басшысы «Кәусар» оқушылар сарайын аралап көрді