Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Мемлекет басшысы Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Аружан Саинді қабылдады

Мемлекет басшысы Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Аружан Саинді қабылдады
Фото: Ақорда

Кездесу барысында балалардың денсаулығы мен әлеуметтік тұрғыда қорғалуына, сондай-ақ балаларға жасалатын зорлық-зомбылыққа қарсы іс-әрекетке қатысты өзекті мәселелер талқыланды.Мемлекет басшысына Бала құқықтары жөніндегі уәкілдің атқарған қызметі туралы есеп берілді, деп хабарлайды kazlenta.kz.

Президент кәмелетке толмаған балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және құқық бұзушылықтардың алдын алу үшін пәрменді шаралар қабылдау, сондай-ақ жетім балалардың құқықтарын қорғауға берілген кепілдікті сақтау, мүмкіндігі шектеулі балаларды қолдау маңызды екеніне назар аударды.

Қасым-Жомарт Тоқаев бала құқығын қорғау және денсаулығын сақтау жүйесін нығайту аса маңызды екенін атап өтті. Сондықтан балаларды қорғауға қатысты барлық ұсыныс пен бастаманы жүзеге асырмас бұрын мұқият зерттеу қажет.

Мемлекет басшысы туындаған түйткілдерді шешуге тікелей атсалысу үшін Бала құқықтары жөніндегі уәкілдің жергілікті жердегі жұмысын жандандыру қажет екеніне назар аударды.

Президент Бала құқықтары жөніндегі уәкілге бірқатар міндет жүктеді. Атап айтқанда, балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі шараларды күшейту, балаларға қатыгездік жасау фактілеріне дер кезінде мән беру,  буллингке қарсы күресу, балалар мен жасөспірімдер арасындағы суицидке итермелейтін әрекеттердің алдын алу, арнайы білім алуға мұқтаж балаларды қолдау, сондай-ақ жетім-балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды баспанамен қамтамасыз ету мәселелеріне баса назар аударуды тапсырды.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Раим мен Ерке Есмахан жуырда сәбилі болатынын хабарлады
Алматыдағы фитнес-клубта блогер Әсел Асқар соққыға жығылды
Ұлытау облысында бақшасына есірткі өсірген тұрғын анықталды
Марат Қарабаев Ұлытау облысының даму жоспарымен танысты
Димаш өзінің Stranger әлемдік турына кәсіби бишілерді іздеп жатыр
Мультимедиа
Қазақстан Президенті Berlin Global Dialogue форумында сөз сөйледі
Әлихан Смайылов Қазақстанда жаңа технологиялық құрылымның қалыптасуы туралы айтып берді
Мемлекет басшысы БҰҰ-ның Орнықты даму мақсаттары жөніндегі саммитіне қатысты
Қазақстанда ҰҚШҰ-ға қатысушы мемлекеттердің халықаралық есірткіге қарсы операциясы аяқталды
Қазақстанда күзгі шақыру науқаны басталды