Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Алматыда қаңтар оқиғасының 25 қатысушысына үкім шыққан

Алматыда қаңтар оқиғасының 25 қатысушысына үкім шыққан
Фото: zakon.kz

Алматы қаласы Бостандық ауданының №2 аудандық сотында қаңтар оқиғасына қатысқан 25 азаматқа қатысты қылмыстық іс қаралды, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Ulysmedia.kz сайтына сілтеме жасап.

“2022 жылғы 4-5 қаңтар аралығында Алматы қаласының түрлі бөліктерінде 25 сотталушы жаппай тәртіпсіздіктерге қатысып, аса ірі мөлшерде ұрлық жасады, тұрғын үй, қызметтік және өндірістік үй-жайларға заңсыз кіріп, ірі залал келтіре отырып көлік құралдарын айдап әкетті, қауіпті өндірістік нысаның аумағына, сондай-ақ арнайы органдар күзететін басқа да нысандарға заңсыз кірді, бұл елеулі залал тигізіп, басқа да ауыр зардаптарға әкеп соқты. Сондай-ақ, олар алдын ала сөз байласу арқылы өздерінің оқ-дәрілерін, атыс қаруларын ұрлап әкеткен, төтенше жағдай жарияланған жерде жаппай тәртіпсіздіктер кезінде адамдар тобы алдын ала сөз байласып, билік өкілдерінің денсаулығына залал тигізіп, олардың мүлкін бүлдіргені және жойғаны анықталды”, – делінген сот хабарламасында.

Сот шешімі бойынша 20 азаматқа Рақымшылық жасау туралы заң қолданылып, 9 айдан 1 жыл 9 айға дейінгі мерзімге шартты жаза тағайындалды.

4 тұлғаға Рақымшылық туралы заң қолданылып, осыған байланысты олар жазадан босатылды.

1 азамат қайтыс болуына байланысты қылмыстық жауапкершіліктен босатылды.

Айта кетейік, 2023 жылдың 24 сәуірінде сот ҰҚК экс-басшысы Мәсімовті мемлекетке опасыздық жасағаны, билікті басып алуды насихаттағаны және лауазымдық өкілеттіктерін асыра пайдаланғаны үшін кінәлі деп тапты. Ол 18 жылға бас бостандығынан айырылды, мүлкі тәркіленді және өмір бойы мемлекеттік қызметте қызмет ету құқығынан айырылды.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Мультимедиа
Алматы волонтерлері мерекелік концерттен кейін Астана алаңында тазалық жұмыстарын жүргізді
Оралда Наурыз мерекесіне 50 мыңнан астам адам жиналды
«Алтын адам» Алматы облысында өткен референдумға келді
БҚО әкімі Нариман Төреғалиев әйелдерді 8 наурыз мерекесімен құттықтады
Мемлекет басшысы XXV Қысқы Олимпиада ойындарының чемпионы Михаил Шайдоровты марапаттады