Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Қаңтардағы тәртіпсіздіктер: 550-ге жуық адам кінәлі деп танылды, жартысынан көбі қамауға алынды

Бүгінгі күні жаппай тәртіпсіздіктерді ұйымдастыру және қатысу бойынша 547 адам күдікті ретінде танылып, олардың 269-ы қамауда. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Бас прокуратураның 1 қызмет бастығының орынбасары Елдос Қилымжанов мәлімдеді, деп хабарлайды kazlenta.kz.

Мысалы, Алматы қаласында ағымдағы жылғы 25 наурызда «Ш» есімді азамат қамауға алынды, ол «қайғылы қаңтар» кезінде «АННА» қару дүкенінен винтовканы жымқырып, әуежайға, Полиция департаментіне және Алматы қаласы Алмалы ауданының Полиция басқармасына шабуыл жасады.  

«Құқық қорғау органдары «Н» есімді азаматты анықтады. Ол ағымдағы жылғы 5 қаңтарда адамдар тобымен «Казаэронавигация» ғимаратын басып алды және Алматы қаласы әуежайының ұшу-қону жолағының жарықтандыруын өшірді. Арнайы прокурорлармен ағымдағы жылғы 4 сәуірде Алматы қаласы әкімдігінің алдында жаппай тәртіпсіздіктерді ұйымдастырғаны үшін Алматы облысының 10 тұрғыны ұсталды. Шымкент қаласында жаппай тәртіпсіздіктерді қаржыландыру және 5 қаңтарда қала әкімдігі мен Полиция департаментіне шабуыл жасау кезінде қолданылған арматураны, тастарды және «Молотов коктейльдерін» жеткізуді ұйымдастыру күдігі бойынша «С» есімді азамат ұсталдый», - деді спикер.  

Сондай-ақ, Шымкент қаласы алаңында жаппай тәртіпсіздіктердің 52 қатысушысы анықталды, бейне жазбалар арқылы 12-і арандатушыны анықтауға қол жеткізілді.

Жамбыл облысында ағымдағы жылғы 18-і мен 31-ші наурыз аралығында 5 ұйымдастырушы, 11 арандатушы және жаппай тәртіпсіздіктердің 140 белсенді қатысушысы анықталды. Бұл өңірдің ұйымдасқан қылмыстық топтың екі лидері қамауға алынды.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Мультимедиа
Президент Райымбек ауданының тұрғындарын 90 жылдық мерейтойымен құттықтады
Ақсайдағы 90 жылдық теміржол вокзалы қайта жаңғыртылып, пайдалануға берілді
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді
Алматы мектептерінде аттестат тапсыру рәсімі аяқталды: оқу жылының қорытындысы шығарылды
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді