Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Алматыда қару-жарақ салынған көлік анықталды

Алматыда қару-жарақ салынған көлік анықталды
Фото: polisia.kz

Алматыда қару-жарақ салынған көлік анықталды, – деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Өткен түні Алатау аданы аумағында күдікті көрінген екі Toyota көлігінің жүргізушілері полиция назарына ілікті.

– Тәртіп сақшыларын көре сала жүргізуші мен оның жолаушылары жан-жаққа қаша жөнелген. Алайда олар қолға түсті. Олардың көліктерін тексеру барысында көлік ішінен Сайга және ТОЗ қарулары, пышақ, травматикалық тапанша, оқ анықталды және тәркіленді. Ұсталған азаматтар Алматы қаласының және Алматы облысының тұрғындары екендігі белгілі болды. Ең жасы 19 да болса, үлкені 37 жаста. Қолға түскен 8 күдіктінің үшеуі бұрын сотты болған, – деді Алатау аудандық полиция басқармасының бастығы Талғат Беркінбаев.

Аталған дерек сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіліміне ҚР ҚК-нің 287-бабы бойынша тіркелді. Сараптамалық зерттеудің қорытындысын ескере отырып, қылмыстық іс бойынша қаулы шығарылды. Тергеу барысында тәркіленген қарудың шығу тегі мен тиесілігі анықталатын болады.

ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес өзге ақпараттар тергеу мүддесіне орай жариялауға жатпайды. ҚР Конституциясының 77-бабының 3-тармағының 1-тармақшасына және ҚР ҚПК-нің 19-бабы 1-бөлігіне сәйкес, заңды күшіне енген сот үкімімен белгіленгенге дейін әрбір адам қылмыстық құқық бұзушылық жасауда кінәсіз деп танылады.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Мультимедиа
Алматы волонтерлері мерекелік концерттен кейін Астана алаңында тазалық жұмыстарын жүргізді
Оралда Наурыз мерекесіне 50 мыңнан астам адам жиналды
«Алтын адам» Алматы облысында өткен референдумға келді
БҚО әкімі Нариман Төреғалиев әйелдерді 8 наурыз мерекесімен құттықтады
Мемлекет басшысы XXV Қысқы Олимпиада ойындарының чемпионы Михаил Шайдоровты марапаттады