Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Таразда көлік ұрлауды кәсіпке айналдырған күдікті қолға түсті

Тараз қаласында көлік ұрлауды кәсіпке айналдырған күдікті қолға түсті. Қазіргі уақытта тергеу жұмыстары жүріп жатыр, деп хабарлайды "Астана" телеарнасына сілтеме жасаған kazlenta.kz

Белгілі болғандай, 102 жедел басқару орталығына Тараз қаласының тұрғынынан хабарлама түскен. Оның сөзінше, аулада тұрған ВАЗ маркалы жеңіл көлігі жоғалып кеткен. Полиция қызметкерлері жедел іздестіру жұмыстарының нәтижесінде Байзақ ауданының 33 жастағы тұрғынын қолға түсірді.

Оның Ресей мемлекеттік тіркеуінде тұрған көліктерді түнгі уақытта ұрлаумен айналысатыны анықталды. Тәртіп сақшыларының дерегінше, күдікті бұған дейін 13 көлік ұрлап, басқа өңірлерге төмен бағада сатып, нөмірлерін дәретханаға тастаған болуы мүмкін. Қазір күдіктінің басқа  сыбайластарының бар-жоғы анықталып жатыр.

"Аталған тұлғаға қатысты Қылмыстық кодекстің 200-бабы 1-тармағы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Күдікті толығымен өз кінәсін мойындап, уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды. Құрметті облыс тұрғындары, ұрлықтын алдын алу мақсатында сақтық шараларын сақтауды сұраймыз", - деді Тараз қалалық полиция басқармасының басшысы Асылхан Зәуірбеков.
 скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Мультимедиа
Алматы волонтерлері мерекелік концерттен кейін Астана алаңында тазалық жұмыстарын жүргізді
Оралда Наурыз мерекесіне 50 мыңнан астам адам жиналды
«Алтын адам» Алматы облысында өткен референдумға келді
БҚО әкімі Нариман Төреғалиев әйелдерді 8 наурыз мерекесімен құттықтады
Мемлекет басшысы XXV Қысқы Олимпиада ойындарының чемпионы Михаил Шайдоровты марапаттады