Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

ТЖМ құтқарушылары профилактикалық рейдтер жүргізу кезінде екі демалушыны құтқарды

ТЖМ құтқарушылары профилактикалық рейдтер жүргізу кезінде екі демалушыны құтқарды
Фото: gov.kz

2023 жылғы 8 мамыр күні ТЖМ Республикалық жедел-құтқару жасағының құтқарушылары Іле Алатауы тауларының шатқалдарындағы таулы өзендер бойымен рейдтер жүргізді, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі ҚР ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бірінші оқиға Ақсай шатқалында болды. Рейд кезінде сағат 17.27-де құтқарушыларға көмек сұрап мопед мінген турист келді.  Оның досы отбасымен демалып отырған жерінде, кенеттен ауырып қалыпты. Құтқарушылар аталған орынға жедел жетті, ер адам жерде ес-түссіз күйде эпилепсиялық ұстама болып жатты. Құтқарушы – медик Евгений Мұстафин жедел түрде алғашқы медициналық көмек көрсетуге кірісті. Ер адамның бақытына орай ол жалғыз емес еді, мұндай ұстама сырқат адамның өзі үшін де, айналасындағылар үшін де күтпеген жерден  болады және өмірге қауіп төндіруі мүмкін. Құтқарушылар 38 жастағы ер адам өзіне-өзі келгеннен кейін, РЖҚЖ жедел көлігіне отырғызып, қалаға дейін  алып барып, жедел жәрдем бригадасына тапсырды. Жедел жәрдем көлігі тауға көтеріле алмады.

Екінші құтқару оқиғасы Кіші Алматы өзенінің шатқалына жасалған рейд кезінде орын алды. Сағат 18.30-да құтқарушыларға көмекке,  жарақаттанған  туристың куәгері жүгінді. Зардап шеккен адамның айтуынша, ол аяғының  саусағын сындырып алғандықтан, өздігінен жүре алмайды. ТЖМ қызметкерлері алғашқы медициналық көмек көрсетті, зақымдалған аяқ бөлігін бекітіп, таңғышпен таңды. Содан кейін альпинистік арқандардың көмегімен әйелді  «Лесничество»  жартасынан, таудың етегіне апарып туыстарына тапсырды. Олар жедел жәрдем шақырудан бас тартты, ауруханаға өздері баруға шешім қабылдады.


скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайберген Ақтөбе облысының құтқарушыларына алғысын білдірді
Димаш Құдайберген жаңа бейнебаяны шыққанын сүйіншіледі
Димаш Құдайберген аты аңызға айналған опера әншісімен бірге ән айтты
Әлем жұлдыздары Астанада өткен Қысқы қайырымдылық балын қолдады
Димаш Құдайберген Сербияда беделді «Ағайынды Карич қоры» сыйлығын алды
Мультимедиа
Мемлекет басшысы Қазақстан халқы Ассамблеясының «Бірлік. Жасампаздық. Өрлеу» атты ХХХІІІ сессиясын өткізді
Олжас Бектенов Nazarbayev University ғылыми әзірлемелерімен танысты
Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан мен Әзербайжанның Жоғары мемлекетаралық кеңесінің бірінші отырысына қатысты
Қасым-Жомарт Тоқаев «Болашақтың ойындары» халықаралық турнирінің ашылу рәсіміне қатысты
Қасым-Жомарт Тоқаев Президенттік жастар кадр резервінің форумына қатысты