Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Атырауда бірнеше пәтерге жарқанаттар кіріп кетті

Атырау қаласындағы бірнеше пәтерге жарқанаттар кіріп кетті. Тұрғындар оларды үйден шығару үшін құтқарушыларды шақырған. Бұл туралы Атырау облыстық ТЖД өз Instagram парақшасында жазды, деп хабарлайды kazlenta.kz

Ведомствоның мәліметінше, оқиға 17 тамыз күні түнде Сәтбаев көшесіндегі көпқабатты екі үйде болған. Пәтер тұрғындары құтқарушыларға қоңырау шалып, үйлеріне жарқанаттар кіріп кеткенін, өздері оларды пәтерден шығара алмайтынын айтқан. Тұрғындарға көмек көрсету үшін Жедел-құтқару жасағының құтқарушылары шұғыл аттанды. Көрсетілген екі мекенжайға келген соң олар жарқанаттарды ұстап алып, еркіндікке жіберген. 

"Тамыз айында жаңа туған жарқанаттар өздеріне қоныс іздейді. Сол себепті, осы кезде тәжірибесіз жарқанаттар терезесі ашық тұрған пәтерлерге абайсызда кіріп кетуі мүмкін. Қорықпаңыз. Жарқанатты ұстауға тырыспаңыз. Ең қарапайым нәрсе – бөлменің есігін жауып, барлық терезені ашып, біраз күтіңіз”, – деп атап өтті Жедел-құтқару жасағының құтқарушылары. 

Атырау облыстық ТЖД жазда жануарларға көмек көрсету жағдайларының көбейгенін де айтты. Бұған дейін құтқарушылар иттерді, сиырларды, жылқыларды, мысықтарды шұңқырлардан құтқарып, жыланды ұстап алған.скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
Мемлекет басшысы күштік құрылым қызметкерлерін марапаттады
2025 жылғы реформалар мен жаңа өзгерістер: Көлік министрлігі
Мемлекет басшысы KIS Astana халықаралық мектебін аралап көрді
Шымкентте «Көк тудың желбірегені» атты патриоттар форумы өтті
Олжас Бектенов Президенттің Жаңаөзенді дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексеріп, ГӨЗ құрылысымен танысты