Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Тегеранда Қазақстанның сауда-экономикалық миссиясы өтуде

Бүгін Тегеранда (Иран) Қазақстанның екі күндік сауда-экономикалық миссиясы бастаулды. Машина жасау, тамақ, фармацевтика өнеркәсібі, құрылыс материалдары өндірісі өнімдерін ұсынатын жиырма қазақстандық компания өздерінің экспорттық мүмкіндіктерін ұсынады, деп хабарлайды kazlenta.kz.

СЭМ аясында Қазақстан-Иран Бизнес-форумын ашқан Сауда және интеграция вице-министрі Қайрат Төребаев атап өткендей, «Қазақстан жүздеген шағын және орта кәсіпорындарды сыртқы нарықтармен біріктіре отырып, елдің сауда-экономикалық қатынастарын дамытуға бағытталған стратегиялық мақсаттар мен міндеттерді жоспарлы түрде іске асыруда».

«Өткен жылы ковидтік шектеулер Қазақстан мен Иранның өзара саудасына теріс әсер етіп, оны 37%-ға қысқартты. Бірақ биылғы жылдың 8 айында біз өткен жылғы тауар айналымының көлемінен асып түстік. Бұл біздің елдеріміздің сауда әлеуетінің зор екендігін көрсетеді», - деді Төребаев.

Талдау Иранға қазақстандық тауарлардың металлургия саласы, тамақ, машина жасау химия және фармацевтика өнеркәсібі тауарларының $162,3 млн сомасына экспортын арттыру әлеуетін анықтады.

ҚР Сауда және интеграция вице-министрі Иран мен Еуразиялық экономикалық одақ арасында қол қойылған Еркін сауда аймағын құру жөніндегі уақытша келісімді елдер арасындағы тауар айналымының өсуіне ықпал ететін толық форматты келісімге айналдыру жөніндегі келіссөздер процесін құптады.

Екі елдің өзара іс-қимылының өсуіне Қазақстан-Түрікменстан-Иран темір жолын пайдалану ықпал етеді. Бұл қатынас 10 млн тонна жүкті ауыстырып тиеуге мүмкіндік береді.

«Осы жол арқылы Иранның Ресей және Қытай нарықтарына, өз кезегінде біздің ел – Парсы шығанағының барлық мемлекеттеріне шығу мүмкіндігі бар. Бұл магистраль екіжақты және өңірлік сауда-экономикалық ынтымақтастықты жаңа деңгейге шығаруға оң әсерін тигізді», - деп атап өтті Қайрат Төребаев.

ҚР ИИР-дағы Елшісі Асхат Оразбай атап өткендей, қазақстандық сауда-экономикалық миссиясындағы Иран бизнесінің назары «біздің елдеріміз арасындағы сауда-экономикалық байланыстарды дамытуда зор өзара мүдделіліктің бар екенін» көрсетеді.

Елші Оразбай Қазақстан мен Иранның инвестиция саласындағы ынтымақтастығының табысты дамуы туралы айтып берді.

«Өткен жылы Иран инвесторлары Қазақстан экономикасына 4,3 млн.доллар тікелей инвестиция тартты. Биылғы жылдың бірінші тоқсанында бұл көрсеткіш 1,7 млн. долларды құрады. Іске асыруда көптеген жаңа жобалар бар. Мысалы, жақында Ақтау теңіз порты мен Казвиннің коммерциялық палатасы арасында порт аумағында коммерциялық-логистикалық кешен салу бойынша келісімшартқа қол қойылды», - деп атап өтті Елші.

Ол, сондай-ақ, Қазақстан, Иран және Ресей арасында қазақстандық бидайды осы елдерге уақытша импорттауға, транзиттеуге және своп жасауға рұқсат беретін бидай саудасы жөніндегі меморандумға қол қойылғанын хабарлады. Бұл механизмді барынша пайдалану керек.

«Біздің ынтымақтастығымызды арттыру үшін барлық қажетті тетіктеріміз бар, ең бастысы, екі мемлекет көшбасшыларының тілегі мен берік саяси ерік-жігері», - деп атап өтті қазақстандық делегация.

СЭМ-де Иранның Сауда-Өнеркәсіп, Тау-кен және Ауыл шаруашылығы палатасының президенті Голамхосейн Шафеи мырза бастаған Иран тарапы өзара сауданы ұлғайтуға мүдделілігін атап өтті.

«Біздің елдеріміз бір-бірімен сауда жасау үшін де, түрлі салалардағы іскерлік кооперация үшін де зор әлеуетке ие. Біздің екі елде де Қытай, Үндістан және Еуропа нарығы арасында ыңғайлы логистикалық орын бар. Біз қазақстандық компаниялардың Иранда, ал ирандық компаниялардың Қазақстанда жұмыс істеп жатқанын көргіміз келеді», - деді Шафеи мырза. 

Қазақстанның Иран Ислам Республикасындағы Сауда-экономикалық миссиясы аясында екі елдің іскер топтарының қатысуымен В2В кездесулер өтті. Иран тарапынан Бизнес-форум мен В2В кездесулерге 100-ден астам кәсіпорын қатысты.

12 қазанда қазақстандық кәсіпкерлердің ирандық Trade Promotion Organization, Iran Chamber of Cooperation компанияларымен, сондай-ақ Shahrvand, MAF Pars (Hyperstar), Refah ритейл-орталықтарымен көшпелі кездесулері жоспарланған.

Бизнес-келіссөздер жалғасуда.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Бүгін Димаш Құдайберген 30 жасқа толды
Димаш Құдайберген Ақтөбе облысының құтқарушыларына алғысын білдірді
Мультимедиа
Шымкентте «Көк тудың желбірегені» атты патриоттар форумы өтті
Олжас Бектенов Президенттің Жаңаөзенді дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексеріп, ГӨЗ құрылысымен танысты
Мемлекет басшысы V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының ашылу салтанатына қатысты
Мемлекет басшысы ХХХІІІ жазғы Олимпиада ойындарының жүлдегерлерімен кездесті
Мемлекет басшысы «Кәусар» оқушылар сарайын аралап көрді