Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Шетелден Қазақстанға авиарейстермен келетін адамдарға қатысты шектеу шараларын өзгерту туралы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Бас мемлекеттік санитарлық дәрігердің 2020 жылғы 2 қазандағы № 54 қаулысына сәйкес Қазақстанның туроператорларына Қазақстанға шетелден келетін адамдарға қойылатын талаптардың өзгергені туралы хабарлайды.


Осылайша, шетелден Қазақстанға авиарейстермен келетін адамдарға қатысты шектеу шаралары былайша өзгертілді:

  1. Шетелден Қазақстанға авиарейстермен келген барлық адамдар (ҚР үкіметтік делегацияларын; ҚР СІМ шақыруы бойынша келетін шет мемлекеттер мен халықаралық ұйымдардың ресми делегацияларының мүшелерін; ҚР-да аккредиттелген дипломатиялық өкілдіктердің, консулдық мекемелердің және халықаралық ұйымдар өкілдіктерінің қызметкерлерін және олардың отбасы мүшелерін; ҚР аумағы арқылы транзитпен өтетін жүктердің халықаралық автомобиль тасымалдарын жүзеге асыратын тұлғаларды қоспағанда) термометриядан, сауалнамадан өтеді және ҚР Мемлекеттік шекарасын кесіп өткен сәтте 3 тәуліктен ерте емес іріктелген ПТР әдісімен COVID-19-ға тестілеуден өткені туралы анықтаманы (бұдан әрі – Анықтама) ұсынады.


ҚР азаматтары емес адамдарға Анықтама болмаған жағдайда Қазақстанға кіруге рұқсат берілмейді.


  1. Дене қызуы норманың шегінде келген, Анықтаманы ұсынған адамдарға COVID-19 ықтимал белгілері туралы түсіндіру жүргізіледі, тиісті қолхат беріледі,  олар белгіленген жеріне қарай бағытын жалғастырады.
  2. Дене қызуы жоғары келген адамдар Анықтаманың болуына қарамастан COVID-19-ға зертханалық тексеру жүргізу үшін карантиндік стационарда 2 тәулікке дейін оқшаулауға жатады. COVID-19-ға зертханалық тексеру нәтижелерін алғаннан кейін оң нәтижесі бар адамдар инфекциялық стационарға ауыстырылады, COVID-19-ға теріс нәтижесі бар адамдар тиісті қолхат алады, COVID-19 ықтимал белгілері туралы түсіндіру жүргізіледі.
  3. Анықтама болмаған жағдайда елге келген ҚР азаматтары ПТР әдісімен COVID-19-ға зертханалық тексеру үшін карантиндік стационарға 2 тәулікке оқшаулануға жатады.


COVID-19-ға зертханалық тексеру нәтижелерін алғаннан кейін COVID-19-ға теріс нәтижесі бар келген адамдарға тиісті қолхат беріледі, COVID-19 ықтимал белгілері туралы түсіндіру жүргізіледі.


COVID-19-ға оң нәтижемен келген адамдар инфекциялық стационардың карантиндік изоляторына жатқызылады.


Қазақстанның туристік компаниялары өз қызметі барысында басшылыққа алуы және күтпеген жағдайларды болдырмау үшін сырттан келетін туристерге қойылатын жоғарыда көрсетілген талаптарды ескеруі қажет.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайберген Сербияда беделді «Ағайынды Карич қоры» сыйлығын алды
Костенко шахтасындағы апат: Әнші Димаш жас баласы бар 20 отбасыға 20 миллион теңге аударды
"Құрмет" орденіне байланысты шудан кейін Әли Оқапов барлық марапатынан бас тартты
Раим мен Ерке Есмахан жуырда сәбилі болатынын хабарлады
Алматыдағы фитнес-клубта блогер Әсел Асқар соққыға жығылды
Мультимедиа
Президент Мәртөк ауданындағы Саржансай cпорт кешеніне барды
Қазақстан Президенті бірқатар келісімге қол қою рәсіміне қатысты
Қазақстанның энергожүйесін жаңғырту: Батыс аймағы желісінің қуаттылығы екі есеге артты
Қазақстан мен Того президенттері шағын құрамда келіссөз жүргізді
Шымкентте әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағасы бақылауда