Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Автомобиль көлігімен жолаушылар тасымалын қайта бастау туралы

 

2020 жылы 13 мамырда Қазақстан Республикасы аумағында коронавирустық инфекцияның пайда болуы мен таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның шешіміне сәйкес, ағымдағы жылғы 5 маусымынан бастап автомобиль көлігімен жолаушылар тасымалы қалпына келтіріледі, деп хабарлайды kazlenta.kz.


Жолаушыларды автобустармен тасымалдау кезінде тасымалдаушылардың тиісті жұмыс алгоритмі Бас санитарлық дәрігердің қаулысының талаптарын ескере отырып әзірленді. Атап айтқанда:


- бағдардың соңғы пункттерінде автобустарға дезинфекция жүргізу;

- жолаушыларды салонға медициналық бетпердемен ғана кіргізу;

- жолаушылар арасындағы кемінде 1 метр қашықтықты ұстану;

- жүргізушілерді қолғаптармен және медициналық бетперделермен қамтамасыз ету, оларды уақытылы ауыстыру (әрбір 2 сағат сайын);

- автопарк қызметкерлерін екі аптада 1 рет СOVID-19-ға теріс нәтиже туралы анықтама болған кезде ғана жұмысқа шығару сияқты талаптар.


Әкімдіктер жолаушылар тасымалы кезінде коронавирустық инфекцияның таралуының алдын алуда тиімді болу үшін тасымалдау процесіне қатысушылардың осы алгоритмге сәйкестігін қамтамасыз етуге қажетті шараларды қабылдауы тиіс.


Қазіргі уақытта республикада 313 қалааралық бағыт бар. Оларды 610 автобуспен (сыйымдылығы 45-55 орындық III санаттағы автобустар) 88 тасымалдаушы кәсіпорын атқарады.


Ресей, Қытай, Өзбекстан, Қырғызстан және Моңғолиямен халықаралық бағыттарды жаңғырту туралы шешім бұл елдердегі санитарлық-эпидемиологиялық жағдайдың жақсаруына қарай қабылданады.

Фото: Pixabay.com
скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Бүгін Димаш Құдайберген 30 жасқа толды
Димаш Құдайберген Ақтөбе облысының құтқарушыларына алғысын білдірді
Мультимедиа
Шымкентте «Көк тудың желбірегені» атты патриоттар форумы өтті
Олжас Бектенов Президенттің Жаңаөзенді дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексеріп, ГӨЗ құрылысымен танысты
Мемлекет басшысы V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының ашылу салтанатына қатысты
Мемлекет басшысы ХХХІІІ жазғы Олимпиада ойындарының жүлдегерлерімен кездесті
Мемлекет басшысы «Кәусар» оқушылар сарайын аралап көрді