Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Ұлтқа қызмет ету – мінезден. Қоғам санасын жаңғыртудың жаңа кезеңі

«Рухани жаңғыру» бағдарламасын тиімді іске асыру және халықты кеңінен қамтуды қамтамасыз ету үшін Қазақстанның 14 облысында және республикалық маңызы бар 3 қалада өңірлік жобалық кеңселер жұмыс істейтіні мәлім.


Ақмола облысының «Рухани жаңғыру» өңірлік жобалық кеңсесінің басшысы Марал Жақыповамен құрылған сұхбат барысында осы уақыт аралығында жүзеге асырылған жобалар, қол жеткізілген нәтижелер және бағдарламаның насихатталуы жайында сұрап білдік.


Ақмола облысы Ішкі саясат басқармасының «Ақмола облысының «Рухани жаңғыру» өңірлік жобалық кеңсесі коммуналдық мемлекеттік мекеме ретінде 2019 жылдың аяғында құрылған. Өңірлік кеңсе үш бөлімнен тұрады: әкімшілік бөлім, ақпараттық-сараптау бөлімі және ұйымдастыру-жобалау бөлімі. Штат бойынша 18 қызметкер қарастырылған.



-  Жобалық кеңсенің жетекшісі қызметіне қалай келдіңіз?


-  Менің еңбек өтілім биыл қырық бірінші жылға кетті. Қырық жылда атқарған жұмысыма, жүріп өткен жолыма көз жіберсем, сонау Кеңес дәуірінен басталған қызметімнің басым бөлігі мәдениет, өнер, білім салаларында өтіпті. Еңбек жолым 1979 жылы шағын ғана қазақ ауылында мектеп мұғалімі қызметінен басталған еді. Соңғы жиырма жылдан астам мемлекеттік қызметте еңбек еттім. Осыдан үш жыл бұрын Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың бастамасымен «Рухани жаңғыру»  бағдарламасы жүзеге асырыла бастағанда, осы жұмыстың басы-қасында болатынмын – Ақмола облысының Қазақстан Халқы Ассамблеясының хатшысы қызметін атқардым. Одан кейін Ақмола облыстық тілдерді дамыту басқармасының басшысы болып жүріп те «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыруға атсалыстым. Ал биыл осы абыройлы да жауапты істі өз қолыма алуға тура келді.



- Өңірлік жобалық кеңсе ашылғаннан бері қандай жұмыстар атқарылды және қандай нәтижелерге қол жеткізілді?


-  Осы уақыт аралығында Бағдарламаның аясында жеке тұлғаны мәдени тұрғыдан байыту және ұлттық сананы нығайту мақсатында 13 арнайы жоба жүзеге асырылуда.


Пандемия салдарынан туындаған өзгерістер қазіргі заманғы сын-тегеуріндерді ескере отырып, қазақстандықтардың тұлғалық дамуы мен кәсіби қабілеттеріне қатысты жүргізіліп жатқан жұмыстарды халықтың әдеп-ғұрпы мен салт-дәстүрін сақтау арқылы күшейту қажеттігін көрсетті.


Биылғы жылы «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «Дәстүр мен ғұрып», «Еңбек – елдің мұраты»,  «Құқықтық мәдениет», «Үнем – қоғам қуаты», «Экологиялық ағарту» бағытындағы жаңа арнайы жобалардың қосылуы тұлғалық дамуға бағытталған жаңа деңгейдің көрінісі болып табылады. Арнайы жобаның әрқайсысына тұжырымдама дайындалып, оны жүзеге асыру барысы, күтілетін нәтижесі мен жауапты мемлекеттік органдары белгіленді.


Еліміздің өзге өңірлеріндегідей Ақмола облыстық «Рухани жаңғыру» өңірлік  жобалау кеңсесінің де жыл басынан бері алты бағыттағы арнайы жобаларды жүзеге асыру жұмыстары, оның қоғам тарапынан қабылдануы және оң нәтижесі маңызды орын алады. Атап айтсам, кеңсеміздің бастамасымен Ақан сері атындағы жоғары мәдениет колледжінің қолдауымен «EL Jastar» эксперменталды-лабораториялық жастар театры құрылған еді. Сол театрдың сахнасында Ұлы ақын Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойына арналған «Жастықтың оты жалындап...» атты перфоманс жанрындағы қойылымның тұсаукесері көпшіліктің көңілінен шықты. Ізінше «Аудиокітап» жобасы аясында аталмыш театрдың талантты актерларының қатысуымен, заманауи технологиялардың қолданылуымен «Ақмола облысының ақын-жазушылары» аудиокітаптарының бірінші сериясы әзірленіп, adebiportal.kz сайтында жарияланды. Осылайша Көкше өңірінің атақты жазушыларының 9 кітабының аудио нұсқасы ұсынылды. Жыл соңына дейін аудиокітаптардың екінші сериясы шығады деп жоспарлануда.


Сонымен қатар Тіл оқыту орталығының қолдауымен өткізілген «Қаламгер қазынасы» жобасы бойынша Ақмола облысынан шыққан көрнекті қаламгерлер кітаптарының электронық нұсқалары әзірленіп, adebiportal.kz сайтында жарияланды. Бұл жоба аясында жарық көрген 20 электрондық кітап қалың оқырманның қызығушылығын тудырды.


Жастардың белсенділігін арттыру мақсатында Көкшетау қалалық электрондық кітапханасында студенттерінің қатысуымен «Жаңа көзқарас – жаңа мүмкіндіктер» атты brain ring форматында зияткерлік ойындар өткізілді.


Сәуір айынан бері жоспарланған жұмысты түгелге дерлік онлайн режимге ауыстырдық. Соның өзінде бес айдың ішінде жүзге тарта бейнебаян мен тақырыптық мәтін әлеуметтік желілер арқылы қоғамға таратылды. Мысалы, «Замандас» жобасы аясында Ақмола облысының жетістікке жеткен креативті жастары туралы бір минуттық хронометражбен 9 бейнебаян; «Мен таңдаған мамандық» жобасы аясында Жастарды еңбекке баулу мақсатында 10 бейнебаян; «Он дерек» жобасы аясында атақты қоғам қайраткерлері, тарихи тұлғалар туралы 25 танымдық бейнебаян; «Жеті қазына», «Шежіре», «Ырыздық» айдарымен ұлттық нақышта заманауи үлгіде киім тігу ісімен айналысып жатқан «Ақай» ательесі, қолөнер шеберлері мен қазыналы қариялар туралы 10 бейнебаян әзірленіп, таратылды.


Ақмола облысының киелі орындарын насихаттау мақсатында «СаяхатTIME» жобасы мен «Аңызға толы Ақмола» трэвел блогы қолға алынып «Уәли хан мазары», «Науан хазрет мешіті», «Ақылбай асуы», «Абылай хан алаңы» атты бейнебаяндар әзірленіп, әлеуметтік желілерде жарияланды.


«Кәсіп түбі – нәсіп» жобасы аясында Ақмола облысының кәсіпорындарында арнайы фотосесиялар жүргізіліп, фото материалдар еңбек, кәсіп туралы халық даналығы, мақал-мәтелдер, танымал тұлғалардың афоризмдерімен бірге әлеуметтік желілер арқылы көпшілікке жол тартты.


Көктемдік мерекелерге орай ұйымдастырылған «Наурыз шапағаты», «Отаным – менің отбасым», «Күй – өнер, өнер - өнеге», «Су күлкісі сылдырлаған» атты онлайн байқауларға әлеуметтік желі арқылы алыстағы ауыл тұрғындары да белсене қатысып облыс көлемінде сәтті өткізілді.


Биыл Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойына орай «Адамзаттың бәрін сүй бауырым деп...» атты облыстық алғашқы рет онлайн режимдегі ақындар айтысы өтті.


Жақында өңірлік кеңсеміз Ақмола облысы Оқу-әдістемелік орталығымен бірлесе отырып,  «Біз – Абай жолындамыз» республикалық онлайн эссе байқауын өткізді. Байқауға қатысуға тілек білдірген үміткерлер Мұхтар Әуезовтің «Абай жолы» роман-эпопеясын оқып, ақтық кезеңге жолдама алды. Онлайн байқаудың мақсаты – «Абай жолы» романының жаппай оқылымын ұйымдастырып, жастар арасында Абайдың тарихи тұлғасын кеңінен таныту еді.



-  Бүгінгі күнде қандай жобаларға басымдық беріліп жатыр?


- «Рухани жаңғыру» өңірлік жобалық кеңсесінің облыстық «Көкше ТВ» телеарнасындағы «Рухани жаңғыру – ұлт болашағы» бағдарламасы, Ақмола облысының белгілі тұлғаларымен бейнесұхбат үлгісіндегі  «Жақсылардың көңілі – алтын сандық» жобасының да алдына қойған мақсаты бағдарламаның «Тұлғалық даму» бағытын жүзеге асыру.


Халқымыздың әдет-ғұрпы мен тұрмыс-тіршілігіне, дүниетанымына қатысты ұғымдарды көпшілікке танымал ету мақсатында «Сіз білесіз бе?» айдарымен танымдық жоба «Рухани жаңғыру» өңірлік жобалық кеңсесінің әлеуметтік желілердегі парақшаларында жарияланды. Жобаның алғашқы шығарылымы қазақтың «Бәсіре» деп аталатын салтына арналды. Материал бұл салт туралы мағлұмат беретін бір жарым минуттық бейнебаян ретінде ұсынылды. 2020 жылдың қыркүйек-желтоқсан айлары аралығында аталмыш жоба бойынша 20-дан астам жарияланым әзірлеу жоспарланды.


Атадан балаға мирас болып қалатын кәсіп иелері туралы «Ұяда не көрсең...» атты отбасылық жоба басталып, Жантасовтар (спортшылар) мен Пичкуновтар (дәрігерлер) отбасылары туралы бейнебаяндар жарияланды. ӨЖК әлеуметтік желідегі және «Көкшетау Азия» ақпараттық агенттігінде жарияланған бейнебаяндарға деген қызығушылық артып келеді. Жоба жыл соңына дейін 20 шақты еңбекпен шыңдалған отбасыларды көпшілікке үлгі етпек.


«Ақмола облысының таланттары» жобасы  өнер мен әдебиет, спорт, ғылым мен білім, медицина салаларында биік жетістіктерге жетіп, республикалық деңгейде қызмет атқарып, облыс намысын қорғап жүрген дарынды жерлестеріміз туралы баяндайтын ақпаратты Facebook және Instagram әлеуметтік желілерінде жариялай бастады. Алдыңғы кезекте Қалибек Қуанышпаев театрының актрисасы Жүсіпова Гаухар Айдаржанқызы мен боксшы, бокстан әйелдер ұлттық құрамасының мүшесі Балтабекова Жансая Дулатқызы жерлестерінің мақтанышына айналды.


Ұлтаралық татулықты нығайту және қоғамдағы бірлікті үлгі ету мақсатында  «Қазақ отбасының жылуы» жобасын ұсындық. Жобаның мақсаты – қазақ отбасыларына келін болып, сол әулеттің бар салт-дәстүрін бойына жинай білген өзге ұлт әйелдері туралы баяндау. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің 2020 жылғы 1 қыркүйектегі «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» атты Жолдауында белгілі қоғам қайраткері Ахмет Байтұрсыновтың: «Білімді болуға оқу керек. Бай болуға кәсіп керек. Күшті болуға бірлік керек. Осы керектердің жолында жұмыс істеу керек» деген сөзін мысалға келтірді.


«Қазақ отбасының жылуы» жобасы барша қазақстандықтарға ортақ ұлтаралық татулық пен өзара түсіністікте өзге ұлт өкілдерін біріктіріп отырған қазақ шаңырақтары туралы баяндайды. Бұл жобаның алғашқы қонақтары Барлыбаевтар мен Жақыпбековтар болды.



- Бағдарламаны іске асыру және насихаттау барысында қандай нәрселерге көңіл бөлу маңызды деп санайсыз?


- Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» атты Жолдауының 11 тармағы алдымызға ұлттың жаңа болмысын қалыптастыру, ұлт сапасын арттыру міндетін қойды. Осы міндетті тиімді орындап, ортақ мақсатқа қол жеткізу үшін «Рухани жаңғыру» бағытындағы жұмысты сапалы және тыңғылықты атқаруымыз керек деп білемін. Алға қадам бастырмай, аяққа тұсау болып жатқан кереғар ой-пікір мен жаман әдеттен арыла алмауымызды көбінесе әлі күнге бойымызды билеп, санамызды торлап алған «құлдық психологиядан» арыла алмауымыз деп жатамыз. Сол індеттен қалай құтыламыз? Меніңше оның бірден-бір жолы – Кеңес дәуірінде кемшін түскен ұлттық құндылықтарымызды, мәдени-тарихи мұрамызды танып, білу. Бұл қанша және қалай айтсақ та артық болмайтын, қанша қазсақ та таусылмайтын қазынамыз. Тек сол құндылықтарымыздан нәр алып барып қана өз ұлтымыз үшін мақтанып, мақтанып қана қоймай ұлт мүддесін қорғау үшін қызмет жасап, ұлтымыздың сапасын арттыруға атсалысып, елімізді, жерімізді, тілімізді, ділімізді, дінімізді қорғауға, қоғамдағы бірлік пен ынтымақты сақтауға, мемлекеттігімізді нығайтуға дайын азамат болмақпыз. Сондықтан ұлт сапасын арттыруда қоғам санасын жаңғырту бағытында атқаратын жұмыстар жетерлік.



- Басқа өңірлердегі жобалық кеңселермен қалай жұмыс жасайсыздар?


-  Басқа өңірлердегі әріптестерімізбен хабарласып, ақылдасып отырамыз. Жалпы барлық өңірлік кеңселердің жұмысымен бізді хабардар етіп отыратын, озық жобаларды ортаға салып, әдістемелік көмек көрсетіп тұратын Қазақстандық қоғамдық даму институты. Осы институт арқылы барлық өңір тығыз байланыста жұмыс жасаймыз десек те болады.


Жобалардың барлығы дерлік Ақмола облыстық ішкі саясат, мәдениет, білім басқармаларымен бірлесіп атқарған жұмыстың нәтижесі. Өзінің мақсатына сәйкес міндетін толық атқаратын, қоғамның қолдауына ие болған Жобалар өміршең болмақ. «Рухани жаңғыру» бағытындағы жұмыстың оң нәтижесін көру үшін әлі ондаған жылдар қажет, дегенмен біз қазірдің өзінде қоғамға ой тастап, өткеніміз бен бүгінімізді саралап, әр тұлғаның жүрегіне жетіп, санасына рухани байлығымызды тамшылап болса да сіңіруді жөн көреміз.



-  Алдағы жоспарларыңызбен бөліссеңіз?


 - Жыл соңына дейін жоспарлаған нақты іс-шараларымыз баршылық. Соның ішінде «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыруға жауапты мамандар үшін осы тұрғыдағы білікті спикерлердің қатысуымен вебинар, қоршаған ортаны аялау мақсатында «Көкшетау – көк қарағай мекені» атты экологиялық акция, «Атадан балаға мирас» атты онлайн байқауы, «Туған жер – алтын тұғырым» тақырыбымен облыстың киелі жерлеріне саяхат, сыбайлас жемқорлыққа қарсы «Ашық алаң» форматындағы подкастар болмақ.скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Бүгін Димаш Құдайберген 30 жасқа толды
Димаш Құдайберген Ақтөбе облысының құтқарушыларына алғысын білдірді
Мультимедиа
Шымкентте «Көк тудың желбірегені» атты патриоттар форумы өтті
Олжас Бектенов Президенттің Жаңаөзенді дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексеріп, ГӨЗ құрылысымен танысты
Мемлекет басшысы V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының ашылу салтанатына қатысты
Мемлекет басшысы ХХХІІІ жазғы Олимпиада ойындарының жүлдегерлерімен кездесті
Мемлекет басшысы «Кәусар» оқушылар сарайын аралап көрді