Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Достастыққа қатысушы мемлекеттер әскери білім беру мәселелерін талқылады

Достастыққа қатысушы мемлекеттер әскери білім беру мәселелерін талқылады
Фото: gov.kz

Алматыда Құрлық әскерлерінің әскери институтында Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің Қорғаныс министрлері кеңесі жанындағы әскери білім беру мәселелері жөніндегі үйлестіру комитетінің отырысы болып өтті, деп хабарлайды kazlenta.kz. 

Оған ТМД-ға қатысушы мемлекеттер Қорғаныс министрлері кеңесі хатшылығының, Армения, Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан, Ресей, Тәжікстан, Өзбекстан қорғаныс ведомстволары әскери білім беру құрылымдары мен жоғары әскери оқу орындарының басшылығы қатысты.   

Іс-шараға қатысушыларды қарсы алған Қорғаныс министрінің орынбасары генерал-лейтенант Сұлтан Қамалетдинов үйлестіру комитетінің әскери білім беру саласында өзара іс-қимылды нығайтудағы, Достастық мемлекеттерінің қарулы күштері үшін әскери кадрларды бірлесіп даярлаудағы рөлін атап өтті.

– Достастық мемлекеттері ынтымақтастығының басым бағыттарының бірі әскери кадрларды даярлаудың серпінді және уақыт талабына сай жүйесіне қол жеткізу жолдарын іздеу, әскери білім беру саласында әріптестік қатынастарды дамыту болып табылады, – деп атап өтті генерал-лейтенант Сұлтан Қамалетдинов. 

Үйлестіру кеңесінің отырысы аясында екіжақты келіссөздер ұйымдастырылды. Сол күні ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің VII Халықаралық олимпиадасының жабылу салтанаты өтті. Зияткерлік сайыстың жеңімпаздары мен жүлдегерлері сыйлықтармен марапатталды.

Олимпиадалар информатика бойынша Санкт-Петербург қаласында (Ресей), шет тілі бойынша Дилижан қаласында (Армения), әскери тарих бойынша Минск қаласында (Беларусь), математика бойынша  Алматы қаласында (Қазақстан) өткен болатын. Әскери тарих және информатика бойынша халықаралық олимпиадада қазақстандық курсанттар үшінші орынға ие болғанын естеріңізге саламыз.

 

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайберген Ақтөбе облысының құтқарушыларына алғысын білдірді
Димаш Құдайберген жаңа бейнебаяны шыққанын сүйіншіледі
Димаш Құдайберген аты аңызға айналған опера әншісімен бірге ән айтты
Әлем жұлдыздары Астанада өткен Қысқы қайырымдылық балын қолдады
Димаш Құдайберген Сербияда беделді «Ағайынды Карич қоры» сыйлығын алды
Мультимедиа
Мемлекет басшысы Қазақстан халқы Ассамблеясының «Бірлік. Жасампаздық. Өрлеу» атты ХХХІІІ сессиясын өткізді
Олжас Бектенов Nazarbayev University ғылыми әзірлемелерімен танысты
Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан мен Әзербайжанның Жоғары мемлекетаралық кеңесінің бірінші отырысына қатысты
Қасым-Жомарт Тоқаев «Болашақтың ойындары» халықаралық турнирінің ашылу рәсіміне қатысты
Қасым-Жомарт Тоқаев Президенттік жастар кадр резервінің форумына қатысты