Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Ақтауда дәрігерлер астан уланған мейрамхананың 24 қызметкері жұмыстан шеттетілді

Ақтауда дәрігерлер астан уланған мейрамхананың 24 қызметкері жұмыстан шеттетілді
Фото: pixabay.com

Ақтауда ауызашарда дәрігерлердің астан улануы бойынша тексерістен кейін мейрамхананың 24 қызметкері жұмыстан шеттетілді. Бұл туралы Маңғыстау облыстық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Асылбек Шаров мәлімдеді, - деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Massaget.kz сайтына сілтеме жасап.

Қонақ үй кешеніндегі мейрамханаға тексеру жүргізілген. Онда 20 қызметкердің жалған медициналық кітапша жасатқаны анықталған. Ал төртеуінде мүлдем болмаған.

Сондай-ақ тексерілген 21 қызметкердің жетеуінің ағзасынан стафилокок табылған. Оған қоса мейрамханадан жарамдылық мерзімі өткен 220 келі көлеміндегі 73 түрлі тағам анықталған.

"Жоспарға сай тексеру жұмыстары нәтижесінде анықталған өрескел санитариялық талаптарды бұзушылар адам денсаулығына әкеліп соққан әрекеті үшін "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" Кодекстің 425-бабының 2-бөліміне сәйкес қылмыстық жазаланатын іс-әрекеті бойынша Ақтау қаласының полиция басқармасына хат жолданды", - деді Асылбек Шаров.

Енді бұл іспен Ақтау қаласының полиция басқармасы айналысады.

Еске салайық, бұған дейін Ақтаулық дәрігерлердің ауызашар дастарқанындағы астан жаппай уланғаны хабарланған еді. Кейін бұл іс бойынша тергеу басталды.


скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
«Ұлы дала қолөнершілер керуен көші»: ұлттық құндылық пен креатив тоғысы
Маңғыстауда Мемлекеттік рәміздер күні кең көлемде аталып өтті
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәдениет және өнер қызметкерлерін марапаттау рәсімінде сөз сөйледі
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік наградалар, жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер тапсыру рәсіміне қатысты
Елордада бірлік пен руханиятты ұлықтаған «Әз-Наурыз» мерекесі өтті