Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Биыл антикордың 2 қызметкері жемқорлық үшін сотталған

Биыл Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің 2 қызметкері жемқорлық үшін сотталып, бес өкілі теріс әрекеті үшін жұмыстан босатылған, деп хабарлайды ҚазАқпарат-қа сілтеме жасаған Kazlenta.kz

Бұл жайында агенттік төрағасы Олжас Бектенов ведомствоның алқа отырысында айтты.

«Антикор қызметкерлерінің моральдық және кәсіби келбеті мінсіз болуы керек. Қоғам тарапынан сынға себеп болмауы керек. Қызметкерлердің заңға қайшы және әдепке жат қылықтары туралы кез келген қарама-қайшылықтары менің жеке бақылауымда болады», - деді Олжас Бектенов.

Агенттік мәліметінше, биыл 2 қызметкер сыбайлас жемқорлық қылмысы үшін сотталған. Тәртіптік жауапкершілікке тартылған 142 қызметкердің бесеуі теріс әрекеті үшін жұмыстан босатылған. «Жақын арада агенттік өз қызметкерлерінің жемқорлыққа төзімсіздігін тексеру үшін Integrity Check тетігін пилоттық сынақтан өткізеді. Біз осы ұсыныстың бастамашысы ретінде сынақты өзімізден бастаймыз.

Жаңа тәсілдерді қолдана отырып, өз қатарымыздың тазалығын қамтамасыз етеміз», - деді антикор басшысы.


скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Мультимедиа
Алматы волонтерлері мерекелік концерттен кейін Астана алаңында тазалық жұмыстарын жүргізді
Оралда Наурыз мерекесіне 50 мыңнан астам адам жиналды
«Алтын адам» Алматы облысында өткен референдумға келді
БҚО әкімі Нариман Төреғалиев әйелдерді 8 наурыз мерекесімен құттықтады
Мемлекет басшысы XXV Қысқы Олимпиада ойындарының чемпионы Михаил Шайдоровты марапаттады