Ақтауда көшенің қақ ортасында төбелескен жүргізушілердің видеосы тарады. Бұған қатысты Маңғыстау облыстық полиция департаменті пікір білдірді, деп хабарлайды Lada.kz.
Кадрдан екі ер азаматтың жол бойында төбелескенін байқауға болады. Маңғыстау облыстық полиция департаментінің мәліметінше, жанжал 10 қыркүйек күні Ақтау қаласындағы 11 және 12 ықшамаудан арасында тіркелген. Төбелеске Volkswagen Golf көлігі жүргізушісінің әрекеті себеп болған. Ол Toyota Camry көлігінің жолын кесіп кеткен. Екі ер азамат та Ақтау қалалық полиция бөліміне жеткізілді. Жол қозғалысы ережелерін бұзғаны үшін Volkswagen жүргізушісіне қатысты Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 601-бабы және 606-бабы бойынша әкімшілік хаттамалар толтырылды. Екінші жүргізуші де жазасыз қалған жоқ.
Оған Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 606-бабымен хаттама жазылды. Ведомство төбелеске қатысушылардың бір-біріне ешқандай шағымы жоқ екенін айтты. Тәртіп сақшылары олармен профилактикалық әңгіме жүргізген.
18-09-2022, 11:10
Желіде көшенің қақ ортасында төбелескен көлік жүргізушілерінің видеосы тарады
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз