Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Алаяқ алматылық тұрғындарды 16 млн теңгеге сан соқтырған

Алаяқ алматылық тұрғындарды 16 млн теңгеге сан соқтырған
Фото: kazlenta.kz

Алаяқ жалға берілетін тұрғын үйді сатып алуға “көмектесемін” деген желеумен алматылық тұрғындарды 16 млн теңгеден астам сомаға алдап кеткен, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Тағы бір әйел алаяқтық жасағаны үшін сотталды.

– Бір нұсқа бойынша, 42 жастағы Ж. есімді әйел арзандатылған бағамен жалға берілетін тұрғын үй сатып алу бойынша өз қызметтерін ұсынған. Қазіргі кезеңде қылмыстық іс бойынша барлығы 7 жәбірленуші бар. Алдын ала төлем сомасы “қызметіне” байланысты өзгеріп отырған. Келтірілген шығынның жалпы сомасы 16 млн теңгеден асады, – деді Алатау аудандық полиция басқармасының бастығы Талғат Беркінбаев.

Қазір тергеушілер материалдың толықтығын қамтамасыз етіп, шындықты анықтауға бағытталған бетпе-бет кездестіру және басқа да процессуалдық әрекеттерді жүргізіп жатыр.

Сотқа дейінгі тергеу кезеңінде ұсталған азаматшаға қатысты қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалды.

Полиция қызметкерлері, күдіктінің заңсыз әрекетінен зардап шеккен азаматтарды мына телефон нөмірлері арқылы хабарласуды сұрайды: 227-55-02; 8-702-448-63-37.

Қылмыстық істің басқа да мәліметтері ҚР ҚПК-нің-201 бабы және ҚР Конституциясының нормаларына сәйкес жария етуге жатпайды.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Мультимедиа
Президент Райымбек ауданының тұрғындарын 90 жылдық мерейтойымен құттықтады
Ақсайдағы 90 жылдық теміржол вокзалы қайта жаңғыртылып, пайдалануға берілді
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді
Алматы мектептерінде аттестат тапсыру рәсімі аяқталды: оқу жылының қорытындысы шығарылды
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді