Алматы облыстық филиалы атынан облыстық мәслихат депутаттығына кандидат Қапшағай қаласының іргесіндегі су электр стансасына барды.
Кездесудің басты мақсаты – саяси науқанның маңыздылығын түсіндіру, партия бағдарламарын насихаттау.
Қапшағай су электр стансасының ұжымымен кездесуге 40 жұмысшы қатысты. Жалпы, нысанда 140 маман жұмыс істейді. Өткен жылы мекеме 50 жылдығын атап өтті. Елдің энергетикалық жүйесіндегі маңызды бұл нысан өз жұмысын 1972 жылы бастады. Электр энергиясын өндіретін кәсіпорынның энергетиктерімен жүздесуде кандидат осы саладағы партияның алдағы жоспарларын жеткізді.
«Бүгінге дейін партия – халық мүддесі үшін қызмет етті. Алда құрылым тұрғындар аманатын орындау мақсатын ұстанады. Өңірдегі өзекті мәселелерді шешуге «AMANAT» білек сыбана кірісіп отыр. Тұрғындардың тұрмыс сапасын арттырып, әлеуметтік жағдайын жақсартуға бар күшімізді саламыз. Бүгінгі сапарымыз барысында осы саладағы проблемаларды тыңдап, оларды шешуге атсалысамыз. Біздің бағдарламада облысты жылу және сумен жабдықтау үшін ондағы желілердің тозуын 42,8 пайызға дейін төмендетуге күш саламыз», − деді жиында сөз алған Жанарбек Әшімжанов.
Өрелі әңгіме айтылған шарада партияның алдағы 5 жылда атаулы салада шешілер мәселелер айтылды. Өңірдегі жұмыссыздық, қымбатшылық, жер, экология саласындағы проблемалары тілге тиек етілді. Кәсіпорын ұжымы партияның айқын бастамаларына разылығын білдіріп, әрқашан «AMANAT» партиясының қолдаушысы боларын айтты.
Алматы облыстық мәслихаты депутаттарының сайлауында партиялық тізімді ұсынған «AMANAT» партиясы Сайлау қорының қаражатынан төленді.