Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

«AMANAT»: Алматы облысында 70 мыңға жуық оқушы орны ашылады

«AMANAT»: Алматы облысында 70 мыңға жуық оқушы орны ашылады

Алматы облыстық филиалы атынан облыстық мәслихат депутаттығына кандидат Мұрат Увалиев Іле ауданына қарасты Чапай ауылдық округіне барды. Елдімекендегі  №10 орта мектебі ұжымымен кездесіп, сайлауалды үгіт-насихат жүргізді.

Кандидат «AMANAT» партиясының «ХАЛЫҚПЕН БІРГЕ» сайлауалды бағдарламасындағы басым бағыттарды атап өтті. Айтуынша, бұл құжатта қоғамдағы барлық өзекті мәселелерді шешу жолдары қарастырылған.


Бағдарламаның басты мақсаты халықтың өмір сүру сапасын арттыру, тұрғындарға жайлы орта қалыптастыруға атсалысу екендігі жеткізілді. Өрелі әңгімеде мұғалімдер қауымына әсіресе, білім саласындағы жаңашылдықтар өрілді.

«Іле, Жамбыл, Еңбекшіқазақ, Қарасай, Талғар аудандарында және Қонаев қаласында үшауысымды оқытуды жою үшін 68,2 мың орындық 63 жаңа мектеп салынады. 39 білім беру нысанына сапалы күрделі жөндеу жүргізуге қол жеткізетін боламыз. Жыл сайын заманауи стандарттар бойынша 80-ге тарта білім ошағын жаңғыртуды жүргіземіз. Жыл сайын кемінде 90 физика, химия, биология, STEM кабинеттерін жабдықтауды қолдаймыз», − деді жиында Мұрат Увалиев. 

Кандидат бұл шаралар 5 жыл ішінде оқушы орындарының тапшылығын толығымен жоюға, үш ауысымды мектептердің санын 7-ге дейін, бейімделген мектептердің санын 55-ке дейін қысқартуға мүмкіндік беретінін тілге тиек етті. Балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен 100% қамтуды қамтамасыз етуге, студенттік жатақханалардағы орындардың тапшылығы мәселесін шешуге арналғанын жеткізді.

Келелі кездесуде Мұрат Увалиев педагогтердің мәселелерін тыңдады. Олардың шешілу жолын айқындады.

Алматы облыстық мәслихаты депутаттарының сайлауында партиялық тізімді ұсынған «AMANAT» партиясы Сайлау қорының қаражатынан төленді.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайберген Ақтөбе облысының құтқарушыларына алғысын білдірді
Димаш Құдайберген жаңа бейнебаяны шыққанын сүйіншіледі
Димаш Құдайберген аты аңызға айналған опера әншісімен бірге ән айтты
Әлем жұлдыздары Астанада өткен Қысқы қайырымдылық балын қолдады
Димаш Құдайберген Сербияда беделді «Ағайынды Карич қоры» сыйлығын алды
Мультимедиа
Олжас Бектенов Nazarbayev University ғылыми әзірлемелерімен танысты
Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан мен Әзербайжанның Жоғары мемлекетаралық кеңесінің бірінші отырысына қатысты
Қасым-Жомарт Тоқаев «Болашақтың ойындары» халықаралық турнирінің ашылу рәсіміне қатысты
Қасым-Жомарт Тоқаев Президенттік жастар кадр резервінің форумына қатысты
Олжас Бектенов IV қысқы жасөспірімдер арасындағы Олимпиада ойындарының жеңімпаздарына Мемлекет басшысының алғыс хаттарын табыс етті