Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

AMANAT партиясының өкілі ЖЭС қызметкерлерімен кездесті

AMANAT партиясының  өкілі ЖЭС қызметкерлерімен кездесті

AMANAT партиясының қоғамдық қабылдауларында болсын немесе кез-келген халықпен басқосуларында болсын, медицина саласына қатысты мәселе көтерілетіні жасырын емес. 

Сондықтан, партияның «Халықпен бірге!» сайлауалды бағдарламасында медициналық қызмет сапасын арттыру, мамандар біліктілігін жетілдіру, қажетті заманауи құрал-жабдықтармен қамту мәселесі көтерілген. Отандық медицина пациенттің мүддесіне жұмыс істеуі, ауыл медицинасын дамыту да бес жылдық бағдарламада айқын көрініс тапқан. Қоғамның 10 сұранысына лайықталған партия атқаратын 10 міндет қатарында медициналық қызмет те бар екені – мәселенің өзектілігінің дәлелі.  

Бүгін AMANAT партиясының мүшелері, алдағы сайлау науқанында бақ сынайтын атыраулық кандидаттар «Атырау Жылу жүйелері» акционерлік қоғамының еңбек ұжымымен кездесті. Партияның сайлауалды бағдарламасын таныстырып, қатысушылардың айтар ой-пікір, ұсыныстарын тыңдады. 

Жиынға партия атынан үміткерлер Айбек Габдуллин және Асель Жолмуханова қатысып, ұжым мүшелерінің ұсыныс-тілектерін тыңдады. Партияның сайлауалды бағдарламасының кең ауқымды екенін атап, негізгі тарауларды талдады. 

Үміткерлердің бірі Асель Жолмуханова – 7 шақырылымдағы облыстық мәслихат құрамында болған депутат, кәсіпкер әрі қайырымдылық шараларына белсенді қатысушы. Сайлаушылар тарапынан «Депутаттар не жасады?» деген ашық сауалға ашық жауап ұсынған Асель Бауыржанқызы AMANAT партиясындағы 3 жылдық қызметіне тоқталып, негізгі атқарылған жұмыстарды атап өтті. Праймериз кезінде халықтан жиналған 200-ден астам ұсыныстар негізінде ауқымды шаралар атқарылғанын жеткізді. Расында да, қазіргі таңда Асель Жолмуханова көптеген интернаттарға, әсіресе, мүгедектігі бар балалар үшін үлкен қолдау жасауда. Пандемия кезінде ИВЛ аппараттарын алып, өзге де қолдау шараларын ұйымдастырған белсенділердің бірі.     

«Аурулығы себепті есепте тұрған науқасқа беретін дәрі емханада жоқ. Мәселе қалалық мәслихат арқылы шешіледі дейді. Сол дұрыс па?» дейді жиынға қатысушылардың бірі. Бұл сауалға жауап берген Айбек Ғабдуллин дәрімен қамтамасыз ету жеке-жеке жасақталатынын айтты. «Яғни, қажеттілік, сұранысқа сай жасақталған тізім, орталықтандырылған жүйе бойынша тендерден өтіп, министрлік арқылы МӘМС бойынша пациенттерге тиесілі», - деді ол.    

Айта кетейік, партияның облыстық сайлауалды бағдарламасында алдағы 5 жылда облыс бойынша 20 медициналық нысан құрылысының сапалы және уақытылы салынуына партия тарапынан бақылау жүргізу мақсаты қойылып отыр. 

Тапсырыс беруші: AMANAT партиясының Атырау облыстық филиалы.
AMANAT партиясының Атырау облысының сайлау қоры қаражатынан төленді.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Раим мен Ерке Есмахан жуырда сәбилі болатынын хабарлады
Алматыдағы фитнес-клубта блогер Әсел Асқар соққыға жығылды
Ұлытау облысында бақшасына есірткі өсірген тұрғын анықталды
Марат Қарабаев Ұлытау облысының даму жоспарымен танысты
Димаш өзінің Stranger әлемдік турына кәсіби бишілерді іздеп жатыр
Мультимедиа
Мемлекет басшысы БҰҰ-ның Орнықты даму мақсаттары жөніндегі саммитіне қатысты
Қазақстанда ҰҚШҰ-ға қатысушы мемлекеттердің халықаралық есірткіге қарсы операциясы аяқталды
Қазақстанда күзгі шақыру науқаны басталды
Мемлекет басшысы «ЭКСПО Орталық Азия – 2023» көрмесіне барды
Қосқұдық ауылында мектеп ашылды