Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

«AMANAT»: Кандидаттар үй-үйді аралады

«AMANAT»: Кандидаттар үй-үйді аралады

«AMANAT» партиясы Алматы облыстық филиалы атынан облыстық мәслихат депутаттығына кандидаттар Қуат Байғоджаев, Жанарбек Әшімжанов қонаевтықтармен кездесті.

Шара «Есіктен есікке» акциясы аясында жүзеге асты. Үй-үйді аралаған үміткерлер саяси кезеңнің ел болашағына маңызды тұстарын түсіндіріп, сайлауалды бағдарламаны таныстырды.

«AMANAT» − әділдіктің партиясы. Біз Алматы облысындағы тың бастамалардың бастаушысы, қордаланған проблемалардың шешілуіне ықпал етуші боламыз. Мәселен, біздің 2027 жылға дейінгі жоспарымызда Қонаев қаласында және 5 ауданда үшауысымды оқытуды жою үшін 68,2 мың орындық 63 жаңа мектепті салу бар. Шаһарға қарасты Шеңгелді ауылындағы медициналық мекеме күрделі жөндеуден өтеді. Облыс орталығында және аудандарда 1044 бейнебақылау камерасын орнатуға күш саламыз. Жыл сайын өңірге 15 патрульдік автокөлік сатып аламыз», − деп әрбір кездесуде Жанарбек Әшімжанов Қонаев қаласында алда жүзеге асатын жобаларды таныстырды. 

Бұл шаралар 2027 жылға қарай біздің өңірдегі қылмыс деңгейін төмендетуге мүмкіндік беретінін, осылайша құқық қорғау органдарының жұмысы анағұрлым сапалы болатынын жеткізді.

Мұнымен қоса, тұрғындарға жаңа жұмыс орындарын ашу үшін жүзеге асатын инвестициялық жобаларды таныстырып, тұрғындар пікірін тыңдады.

Өз кезегінде қонаевтықтар жаңашылдықтарды қуана қабылдап, партия бастамаларын қолдайтынын жеткізді.

Алматы облыстық мәслихаты депутаттарының сайлауында партиялық тізімді ұсынған «AMANAT» партиясы Сайлау қорының қаражатынан төленді.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайберген Сербияда беделді «Ағайынды Карич қоры» сыйлығын алды
Костенко шахтасындағы апат: Әнші Димаш жас баласы бар 20 отбасыға 20 миллион теңге аударды
"Құрмет" орденіне байланысты шудан кейін Әли Оқапов барлық марапатынан бас тартты
Раим мен Ерке Есмахан жуырда сәбилі болатынын хабарлады
Алматыдағы фитнес-клубта блогер Әсел Асқар соққыға жығылды
Мультимедиа
Алматыда ер адамды ұрып-соғу дерегі видеоға түсіп қалған
Президент Мәртөк ауданындағы Саржансай cпорт кешеніне барды
Қазақстан Президенті бірқатар келісімге қол қою рәсіміне қатысты
Қазақстанның энергожүйесін жаңғырту: Батыс аймағы желісінің қуаттылығы екі есеге артты
Қазақстан мен Того президенттері шағын құрамда келіссөз жүргізді