Сенаторлар мемлекеттік органдарға мемлекеттік қызметкерлерді ұлттық жобаларды жүзеге асыру келісімшарты бойынша жұмысқа алатын заң жобасын қарап жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы Дархан Жазықбаевтың айтуынша, келісімшарт бойынша жұмыс істейтін қызметкерлер тек бір жылға және бір республикалық жобаға тартылады.
"Келісімшарт бойынша жұмыс істейтіндер мемлекеттік қызметші емес. Мемлекет басшысы кәсіби саладан білімді мамандарды тарту туралы айтты. Мемлекеттік органдарда мамандар тапшы. Оларды жұмысқа алудың және олармен келісімшарт жасасудың барлық аспектісі агентство бақылауында болады. Қайда жетіспеушілік бар, оны қадағалаймыз. Біз Үкімет басшысына да жыл қорытындысы бойынша есеп береміз", - деді Жазықбаев Сенат депутаттарының сауалдарына жауап бере отырып.
Оның айтуынша, үкімет ұлттық жобалардың тізбесін жасайды, оған сәйкес келісімшарт бойынша жұмыс істейтін қызметкерлерді тартуға рұқсат етіледі.
Жазықбаевтың айтуынша, құжаттың қабылдануы сыбайлас жемқорлық қылмыстарының алдын алуға мүмкіндік береді.