AMANAT партиясы атынан сайлау науқанына түсетін кандидаттар қатарында түрлі сала өкілдері, жаңа есімдер бар. Мәселен, солардың бірі Медет Қожахметов. Ол – Атырау облыстық мәслихаты депутаттығына үміткерлердің бірі. Кәсіпкер, спорт саласын қолдаушылардың бірі.
Осы бір сәт – өзі үшін маңызды тарихи шешім болғанын атаған ол «Жаңа Қазақстанның іргесін бірге қалауға ат салысу – азаматтық парызым» деп білемін дейді.
«Менің мақсатым – ел қамы, халықтың салуатты өмір салтын ұстануы, өңірімізде жастар арасында бұқаралық спорттың дамуына өз үлесімді қосу. Әдемі сөйлемесем де, халықтың мүддесі үшін қызмет атқаруды көздеген, қарапайым отбасынан шыққан еңбек адамымын. Осы жолда еңбектенемін», - деген кандидат Медет Мусаұлының сөзіне сай, AMANAT партиясының сайлауалды бағдарламасында жыл сайын облыс бойынша кем дегенде 80 спорт секциясын ашу және балалар үйірмелерін жаңғыртуды қолға алу көзделуде.
Бірнеше бағыттарды қамтыған ауқымды жұмыстар нәтижесінде 2027 жылға дейін спортпен шұғылданатын атыраулықтардың үлесін 50 пайызға жеткізу мақсаты айқындалып отыр.
Кандидат Медет Қожахметов 1988 жылы Индер ауданының Құрылыс ауылында дүниеге келген. Атырау политехникалық колледжінің электрик мамандығына оқи жүріп, Қарабатанда жүк түсіруші болып та еңбек еткен. Кейін құрылыс саласына бет бұрып, «Атырау Строй Сити» компаниясының іргетасын қалаушы, қазіргі таңда директоры. 2018 жылы М.Қожахметовтың бастамасымен аралас жекпе-жек, грэпплинг, бокс, грек-рим күресінен «MERGEN» жаттығу залы ашылған.
19 наурызда сайлауға қатыс! Таңдау жаса! Дауыс бер!
Тапсырыс беруші: AMANAT партиясының Атырау облыстық филиалы.AMANAT партиясының Атырау облысының сайлау қоры қаражатынан төленді.