Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Рустам Сағадиев: нағыз саяси тартыс күтілуде

Кәсіпкер Рустам Сағадиев өзінің Facebook парақшасында "Nur Otan" партиясының праймеризі жайында өз ойымен бөлісті. Оның пікірінше, Праймериз - партияның саяси технологиясының жетістігі.

Праймериз өтіп жатыр. Барлығымыз қарап, бақылап отырмыз. Қатысып жатқандар мен қатысушыларды қолдайтын топтар да партияға енген. Себебі дауысты тек партия мүшелері ғана бере алады. Қазіргі ақпаратқа сай праймериз процесі жарияланғаннан кейін партияға 41,2 мың адам мүшелікке еніпті. Бірақ праймериз кезінде ешкім қабылданбаған, себебі партияға қабылдау 11-қыркүйек пен 4-қазан арасында тоқтатылған. Әрине уақытша.

«Нұр Отан» осы саяси технология арқылы партияластардың қатарын едәуір арттырып алғанын көріп отырмыз. Себебі партияға аз уақытта бір емес, екі партияның санына тең адам еніп кеткен. Естеріңізде болса президент Тоқаев мырза саяси реформаны жариялағаннан кейін, партияларды тіркеу үшін 20 мың адам жеткілікті деген өзгеріс енгізді. Енді сол өзгеріс бойынша есептесек екі партия құруға мүмкіндік беретін адам саны праймериз жарияланғаннан кейін «Нұр Отанға» кіріпті. Бұны партия саяси технологиясының жетістігі десе болатын шығар.

Қазір енді праймериз болып жатыр. Әр өңір, қала, аудандар дебат ойындарының форматтарын өздері таңдаған сияқты. Бір жерден қызу саяси тартыс көрсек, енді бір жақта мүлде бөлек форматта өтуде. Нағыз саяси тартыс 1-3 қазанда болатын сияқты. Себебі сол аралықта дауыс беру науқаны өтетін болады, - дейді Рустам Сағадиев.
скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
«Ұлы дала қолөнершілер керуен көші»: ұлттық құндылық пен креатив тоғысы
Маңғыстауда Мемлекеттік рәміздер күні кең көлемде аталып өтті
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәдениет және өнер қызметкерлерін марапаттау рәсімінде сөз сөйледі
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік наградалар, жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер тапсыру рәсіміне қатысты
Елордада бірлік пен руханиятты ұлықтаған «Әз-Наурыз» мерекесі өтті