Құрамында Бақтықожа Ізмұхамбетов, Аманжол Әлтай, Айдос Сарым, Айгүл Әмірғалиева, Жеңіс Әбілқарес сынды мүшелері бар AMANAT партиясының республикалық сайлауалды штабының бір топ мүшелері бүгін Махамбет ауданына барды.
Іссапар барысында топ мүшелері Бейбарыс ауылдық округінде орналасқан «Первомайский СП» серіктестігінің жұмысшыларымен кездесіп, ауыл тұрғыны, партия ардагері Төлеген Ұзақбайұлымен дидарласты. Бұған қоса, Сарайшық ауылдық округіндегі «АтырауАгроӨнімдері» ЖШС-не барып, еңбек ұжымының пікір, ұсыныстарын тыңдады.
Ауданға сапар барысында AMANAT партиясының сайлауалды бағдарламасы талқыланып, соның ішінде ауылды дамыту, агрокешенді өрістету бағытындағы жұмыстар жайы сараланды.
Ауыл - қазақ жерінің өзегі. Ауыл тұрғындарының болашаққа деген сенімін, ерік-жігерін, даму қуатын арттыру, экономикасын көтеру, ауылда еңбек ету абыройлы әрі пайдалы болатындай жағдай жасау – AMANAT партиясының алға қойған айқын мақсатының бірі. Қазақ жерінің әлеуеті жүз миллион адамды тамақтандыруға жетеді. Демек, агроөнеркәсіптік кешен жоғары өнімді экспорттық секторға айналуға тиіс. Ауылдық жердегі тұрмысты қалалық деңгейге мүмкіндігінше жақындатып, тұрақты экономикалық өсуін қамтамасыз ету. Міне, AMANAT партиясының «Халықпен бірге!» сайлауалды бағдарламасында айқындалған міндеттер осындай.
Тапсырыс беруші: AMANAT партиясының Атырау облыстық филиалы.
AMANAT партиясының Атырау облысының сайлау қоры қаражатынан төленді.