Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Алматы облысында тау опырылып, екі үйді басып қалды

Алматы облысында таудың етегі опырылып, екі үйді басып қалды. Тау жынысы жылжыған кезде үйдің ішінде жасөспірім ұйықтап жатқан. Оқыс оқиға Талғар ауданы Бесағаш ауылында бүгін таңертең болды, деп хабарлайды kazlenta.kz Azattyq Ruhy сайтына сілтеп.

Табиғи апат таңғы сағат 9.00 шамасында болған.

«Үйде тек үлкен ұлым болған. Таудан су аққан. Қабырғаны жарып өткен. Қазір жарық, су, газ өшті. Екінші үйді су алып жатыр. Құбыр жарылған сияқты. Құтқарушы мамандар келді.  Бірақ арнайы техникалары жоқ. Олар тек суретке түсіріп жүр. Мамандар тау тағы құлайды деп отыр», - дейді Бесағаш ауылының тұрғыны Назерке Сейілханова.

Тұрғындар әкімдік тұрғын үй салуға рұқсат берген деп отыр. 

«Үй заңдастырылған. Бесағаш ауылындағы Баянауыл көшесі, 12 үй. Үйді 2021 жылы салғанбыз. Жергілікті әкімдік үйді салуға рұқсат берген. Үйімді қалпына келтіруге қатысты көмек сұраймын. Үйде отбасымыздағы 4 адам: екі балам, анам, өзім және тустарым да бірге тұрады.  Өзім үшінші топ мүгедегімін, анам – зейнеткер», - дейді тұрғын Назерке Сейілханова.

Алматы облыстық төтеше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі оқиғаның болғанын растады және толық мәліметті кейінірек хабарлайтынын жеткізді. 

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
Мемлекет басшысы күштік құрылым қызметкерлерін марапаттады
2025 жылғы реформалар мен жаңа өзгерістер: Көлік министрлігі
Мемлекет басшысы KIS Astana халықаралық мектебін аралап көрді
Шымкентте «Көк тудың желбірегені» атты патриоттар форумы өтті
Олжас Бектенов Президенттің Жаңаөзенді дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексеріп, ГӨЗ құрылысымен танысты