Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Рудныйда ондаған тұрғын үйде жылу өшті

Қостанай облысы Рудный қаласында жылу құбырының жарылуы салдарынан 13 жеке үй, 33 көпқабатты үй және бір мектеп жылусыз қалды. Бұл туралы қаланың Ахуалдық орталығы Instagram желісінде хабарлады, деп жазады kazlenta.kz

Ведомствоның мәліметінше, Шевченко көшесі, 116, №5 сорғы станциясы мекенжайы бойынша жылу құбыры жарылған. Құбырдың диаметрі - 159 мм. Сол себепті 13 жеке үй жылусыз қалды. Сондай-ақ Гагарина көшесі 6 мекенжайында диаметрі – 159 мм құбыр жарылған. Салдарынан 33 бес қабатты үй мен бір мектеп жылудан ажыратылған. Рудный әкімшілігі Instagram желісіндегі ресми парақшасында апатты жоюға қатысты мәселе жергілікті атқарушы органның бақылауында екенін хабарлады.

"Қазіргі уақытта Гагарин көшесіндегі №17 орта мектепті қоса алғанда, барлық үй 2 сағат бойы ыстық су айналымы үшін жылу жүйесіне қосылды. №6 үйден №4 үйге дейін жарылған жерді анықтау жұмыстары жүргізілуде. Мектепте ауа температурасы 18-20 градусты көрсетіп тұр, екінші ауысымдағы жоғары сыныптардың сабақтары қысқартылды", - деп түсіндірген жағдайды әкімдік өкілдері. 

Кейін ведомство өкілдері "Рудный жылу желілері" ЖШС-нің №4 учаскесінің жұмысшылары Шевченко көшесі, 116 мекенжайындағы диаметрі 159 мм құбыр жөндегенін мәлім етті. Еске сала кетейік, Екібастұзда бірнеше күннен бері жылу беруді қалпына келтіру жұмыстары жүруде. скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
Мемлекет басшысы күштік құрылым қызметкерлерін марапаттады
2025 жылғы реформалар мен жаңа өзгерістер: Көлік министрлігі
Мемлекет басшысы KIS Astana халықаралық мектебін аралап көрді
Шымкентте «Көк тудың желбірегені» атты патриоттар форумы өтті
Олжас Бектенов Президенттің Жаңаөзенді дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексеріп, ГӨЗ құрылысымен танысты