Қызылорда облысында «Казспекторстрой» ЖШС екі қызметкері белгісіз заттан улану салдарынан қайтыс болды, деп хабарлайды kazlenta.kz.
Оқиға облыстағы ЖШС-нің бірінде 3 ақпан күні болған.
Полицияның хабарлауынша, екі азаматтың қаза болуына байланысты сотқа дейінгі бірыңғай реестрінде ҚР Қылмыстық кодексінің 304-бабымен қылмыстық іс тіркелді. Ведомство тиісті сапартамалар тағайындап, оқиғаның мән-жайын анықтауға бағытталған кешенді тексеру жұмыстарын бастап кетті.
«Серіктестікте еңбек ететін екі қызметкер алдын ала мәліметтерге сәйкес «белгісіз заттан улану салдарынан туындаған жүрек жетіспеушілігі» салдарынан қайтыс болды деген диагноз қойылды. Бұл бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру әрекеттері басталды», - деп мәлім етті Қызылорда облыстық полиция департаментінен.
8-02-2023, 18:12
Қызылорда облысында кәсіпорынның екі қызметкері белгісіз заттан уланып, қайтыс болды
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз