Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Қазақстанда полицейлерді құпия түрде парасаттылыққа тексеріп жатыр

ІІМ парасаттылыққа тексерудің алғашқы нәтижесін бөлісті, деп хабарлайды kazlenta.kz.

Мемлекет басшысы 2022-2026 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат тұжырымдамасын бекітті. 2023 жылы оны іске асыру жөніндегі іс-қимыл жоспарында құқық қорғау және сот органдарында парасаттылыққа тексеруді немесе integrity check енгізу тетігін пысықтау көзделген.

Ішкі істер органдарының қызметкерлерін парасаттылыққа тексерудің пилоттық жобасы 11 қаңтарда іске қосылды.

Ведомствода полицейлердің күнделікті жұмысына барынша жақын ситуациялық кейстер, оларға ден қою нұсқалары және тексерілетін адамдардың іс-әрекеттерін бағалау критерийлері әзірленді.

Бастапқы кезеңде азаматтармен қарым-қатынас құру, қызметкерлердің олардың өтініштеріне жедел әрекет ету қабілетін тексеруге баса назар аударылды.

Қаңтар айында Астана, Алматы қалаларының, Алматы, Қарағанды, Павлодар және Жетісу облыстарының полиция департаменттерінде тексерулер жүргізілді.



Мысалы, тек Астана қаласында жол қозғалысы ережелерін бұзудың жалпы саны 23 800-ге дейін жетті:

  • мас күйінде көлікті басқару – 187;
  • құжатсыз немесе жүргізу құқығы жоқ адамның басқаруы – 603;
  • қозғалыс барысында басымдық бермеу – 216;
  • міндетті сақтандыру туралы заңнаманы бұзу – 771;
  • қозғалыс жылдамдығын асыру – 16 600;
  • жолаушыларды тасымалдау жөніндегі талаптарды сақтамау – 1195;
  • телефонды пайдалану – 313.

Полицейлер тексерулер туралы біле отырып, барлық өтініш берушілерден ықтимал тексерушілерді көріп, өздерінің міндеттерін адал орындайды.

Пилоттың басталуымен полиция қызметкерлерінің оларға пара беру әрекеттері туралы хабарлауы да артты. Ағымдағы жылдың қаңтар айында өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда мұндай фактілердің саны 3 есеге жуық өсті.

Қазіргі уақытта полиция қызметкерлері, сондай-ақ олардың қызметтік автокөліктері мен үй-жайлары ақпаратты автоматты түрде жедел басқару орталықтарына жіберетін заманауи фиксаторлармен жабдықталған.

– Лауазымды адамға пара бергені үшін айыппұл салуды немесе бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруды, белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан өмір бойына айыруды көздейтін қылмыстық жауапкершілік қарастырылатынын еске саламыз.

Полиция қызметкерлеріне қызметтік міндеттерін атқару кезінде оларға бағынбау мен қарсылық көрсетуге жол берілмейтіні туралы хабарлаймыз.  Жыл басынан бері осындай 19 факт, сондай-ақ билік өкілін қорлаудың 44 фактісі тіркелді.

Азаматтарды заңға бағынуға және заңсыз әрекеттерді жасамауға шақырамыз. Бопсалау жағдайында ІІМ-нің өзіндік қауіпсіздік қызметіне немесе 1402 сенім телефонына дереу хабарлау қажет, – деп атап өтті ведомствода.
скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш өзінің Stranger әлемдік турына кәсіби бишілерді іздеп жатыр
Композитор Арман Дүйсенов қайтыс болды
Актер Вахтанг Кикабидзе қайтыс болды
Тұрсынбек Қабатов жаңа қызметке тағайындалды
Димаш Құдайберген "Болашақ" стипендиясының иегері қатарынан табылды
Мультимедиа
Мәжіліс сайлауы: партиялар қанша мандат алды?
Қазақстан 2022 жылғы әлемдік саудадағы өзгерістерден ұтты
ҰҚК Қырғызстан полициясымен бірнеше сатылы арнайы операция жүргізді
Қатты ашуланып кеткен шығармын - Бибісара Асаубаева жанжал туралы
Абай облысында қаңтар оқиғасы кезінде ұрланған қару-жарақ тәркіленді