Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Елімізде 5,5 мың шетелдік көлік заңдастырылып, қазақстандық нөмір берілді

Елімізде шетелден әкелінген көліктерді тіркеу жалғасып жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпаратқа сілтеме жасаған kazlenta.kz


«Елімізге өткен жылдың 1 қыркүйегіне дейін әкелінген шетелдік автокөліктерді заңдастыру жалғасып жатыр. Бүгінде 28 мың қазақстандықтың өтініші мақұлданды. 5,5 мың автокөлік иесі заңдастыру процесінен өтіп, мемлекеттік нөмір алды. Шетелдік көлік иелері ХҚО, электронды үкімет порталы және Halyk Homebank қосымшасы арқылы заңдастыру өтінімін бере алады», – деді Ішкі істер министрлігінің өкілі Шұғыла Тұрлыбек ведомствода өткен онлайн брифингіде.

Айта кетейік, шетелдік автокөліктерді заңдастыру биыл 1 шілдеге дейін жалғасады. Автокөлікті заңдастыру төлеміне келсек, 200 мың теңге мемлекеттік алым, 4 313 теңге паспорт бажы және мемлекеттік нөмір үшін 9 660 теңге төлеу қажет.

Сонымен қатар шетелдік көлік иелері утиль алымнан босатылады.

Сондай-ақ, шетелдік көліктерді заңдастыруға көмек көрсететін сall-орталықтар іске қосылды. Барлық өңір бойынша телефонды осы жерден алуға болады.

Call-орталықтан бөлек, шетелдік көлікті заңдастыру бойынша халыққа қызмет көрсету орталықтарында мамандар кеңесі ұсынылады.

Шетелден әкелінген қандай көлік түрі заңдастыруға жатпайтынын толық ақпараттан оқуға болады.

Сонымен қатар, шетелдік көлікті заңдастырмаған жағдайда қандай жаза қолданылатыны түсіндірілді.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш өзінің Stranger әлемдік турына кәсіби бишілерді іздеп жатыр
Композитор Арман Дүйсенов қайтыс болды
Актер Вахтанг Кикабидзе қайтыс болды
Тұрсынбек Қабатов жаңа қызметке тағайындалды
Димаш Құдайберген "Болашақ" стипендиясының иегері қатарынан табылды
Мультимедиа
Сайлауда өмірге келген сәбилер!
Алматыда есірткі сатқандар “тауарды” қайдан және қалай алатынын айтып берді
Алматыда “синтетиканы” даярлап, сатқан азаматтар ұсталды
Энергетика саласының қызметкерлерімен жүздесті
«AMANAT»: Кандидаттар үй-үйді аралады